МАҚСАТ - АСТЫҚТЫ ТӨКПЕЙ-ШАШПАЙ ЖИНАП АЛУ

МАҚСАТ - АСТЫҚТЫ ТӨКПЕЙ-ШАШПАЙ ЖИНАП АЛУ
Қара күз бен қыс-көктем жер баптап, дән сіңіріп, жаз тілеуі көктеген егіннің үстінде болған шаруалар бүгінде піскен егістікке орақ салғалы бір аптадан аса уақыт өтті.
Бүгінгі күні аймақта 1 420 тонна өнім жиналып, әр гектардан алынған орташа өнім 18,0 ц/га құрап отыр.
Астықтың 180 гектарынан 558 тонна өнім жинаған Меркі ауданында әр гектардан алынған өнім - 31,0 ц/га құраса, Қордай ауданында – 20,0 ц/га құрап, облыстық деңгейден жоғары көрсеткіш көрсетуде. Сол сияқты Т.Рысқұлов ауданында – 14,5 ц/га, Жамбыл ауданында – 14,3 ц/га, Байзақ ауданында – 13,0 ц/га құрауда. Бұл көрсеткіштердің қазіргі уақыттағы есеп екенін ескерсек, өсім көрсеткіші әлі де арта түсетіні түсінікті.
Жалпы биылғы жылы 370 000 гектарға арпа-бидай (153 855 гектарға бидай, 216 145 гектарға арпа) егілсе, қазіргі уақытта оның 790 гектары орылды. Науқанға 361 комбайн қатысуда.
Астықты ысырапсыз жинап алудың маңызды шарты - шаруалардың қолында дизелдік отынның жеткілікті болуы. Осыған орай, биылғы жиын-терім жұмыстарына 10 725 тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінген болатын және оны тарату үшін 15 оператор анықталып, литрі 194-200 теңгеден босатылуда.
Қазіргі таңда дәнді дақылдарды жинау барлық аудандарда жоспарлы түрде жүріп жатыр. Ендігі жердегі басты мақсат - астықты төкпей-шашпай жинап алу.
 
 
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
28.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 28
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 15
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 976
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7027
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10870
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7093
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7233