10 АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

10 АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

Апта басында аудан әкімі Сәкен Арубаев мемлекетік бағдарламалар мен жобалар аясында жүргізіліп жатқан ауылдардағы құрылыс жұмыстарының барысын көрді.

ЕРНАЗАР; ӨРНЕК АУЫЛДАРЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

Алдымен өңір басшысы Ерназар ауылында болды. Мұнда мемлекетік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 167 млн 401 мың теңгеге 17 шақырым 120 метрге газ құбыры тартылуда. «Энергоресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 286 ауласы бар елді мекендегі игілікті қараша айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстарын аралаған Сәкен Қаланұлы:
– Жұмыстарға жергілікті азаматтарды тарту керек. Ауыл әкімі ауылда жасалып жтқан құрылысты өз бақылауында ұстап, кемшіліктер бойынша жедел мердігерге хабарлап, жұмысты тоқтату керек. Ертең атүсті жасалған игіліктер үшін бәріңіз жауап беретін боласыздар, – деді.

ЕЛДІМЕКЕНДЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Өрнек ауылына аялдаған аудан әкімі Сәкен Арубаев мұнда жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Ауылдың орта бөлігінен «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 210 млн 481 мың теңгеге еңселі 140 орынды Мәдениет үйінің құрылысы басталған. «Жаңа-Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған өнер ордасы келер жылы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек мемлекетік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 406 аулаға ұзындығы 30 шақырымды құрайтын табиғи отын желісі тартылуда. Мердігер «AKBARYS STORU LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл игілікке қазынадан бөлінген 310 млн 790 мың теңгені жұмсамақ.
Жалпы ауданның газбен қамтылуы туралы сөз қозғаған аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков «көгілдір отын» жүйесі кезең-кезеңімен шешімін тауып отырғанын, 26 ауылға газ жүйесі тартылғанын, бүгінде 13 ауылға бастапқы дайындық жұмыстары жүргізілгенін айтты. Оның ішінде Ащыбұлақ, Тастөбе, Рахат, Қаракемер, Еңбек ауылдарына аталмыш бағдарлама аясында 725 млн теңге қаралып, ауылішілік көшелерге газ тарту жұмыстары тиянағын тапса, биыл Жұма стансасы, Көлқайнар, Ерназар, Шайдана, Өрнек ауылдарына табиги газ жүйесі кіргізіледі. Оған республикалық бюджеттен 655,3 млн теңге жұмсалуда. Осылайша, ауданда 2019 жылы газбен қамту үлесі 57,1%, 2020 жылы 61,9%-ға жетсе, биыл бұл көрсеткіш 90,4%-ды құрайтын болады. Газ тарту жұмыстарын аралаған С.Қаланұлы сапаға айрықша назар аударуды тапсырды.

МЕРДІГЕР ЖҰМЫСЫН «ҰЛТЫҚ САПА» ОРТАЛЫҒЫ ТЕКСЕРЕДІ


Сондай-ақ өңір басшысы әлеуметтік желіде тұрғындардың наразылығын тудырған осы ауылдағы көшенің жол жабындысын тексерді.
Айталық, «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Бекпенбет Әбілдаұлы, Сәбит Мұқанов көшелерін орта жөндеу жұмыстарына 33 млн теңге бөлініп, оны «Нұр-Абдрахман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Ауыл азаматтарының айтуынша, асфальт талапқа сай жасалмаған, шеті морылуда.
Мердігермен жолыққан өңір басшысы Сәкен Қаланұлы:
– Тұрғындардың уәжін көрген шығарсыз. Сіз ойламаңыз, сапа тек жергілікті биліктің ғана емес жұртшылықтың да – бақылауында. Біз сападан кінәрат шықпасын деп аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерін тарта отырып, топ құрған болатынбыз. Сондықтан ел игілігіне жасалған қажетілік кемшіліксіз болуы керек. Тұрғындар наразылық тудырған екен, біз бұл көшелерге «Жол активтерінің Ұлтық сапа орталығының» мамандарын шақыртып, жол сапасын экспертизадан өткізіп, оның нәтижесін саралап болғанан кейін барып қабылдайтын боламыз, – деді.
Сондай ақ аудан әкімі Сәкен Арубаев Тараз-Бесағаш-Гродеково автожолының бойындағы Тараз қаласы мен Гродеково ауылының қиылысына қойылған жылдамдық «тежегішті», жол белгілерін қарап, көлік иелеріне көру бағыты анығырақ болуы үшін жол бойындағы талдарды бұтау керектігін сала басшыларына тапсырды.
Айта кететін болсақ, дәл осы жолда көлік қақтығысы жиі орын алып, тұрғындардың наразылығын тудырған болатын. Бүгінде олардың талап-тілегі қаперге алынып, орындалып отыр.

МЕРДІГЕРГЕ МЕРЗІМ БЕРІЛДІ

Сапарының соңында аудан әкімі Сәкен Арубаев Гродеково ауылындағы «Ақжол» көшесіне төселіп жатқан жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың жұмысын көрді. Орталық көшеге «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қаражат қарастырылып, 7,3 шақырым жолдың екі жегіне тақтай тастар қойыла басталды. Құрылыс жұмыстарын «ЕрНурЖан Құрылыс-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жұмыстар тамыз айының ортасында аяқталуы тиіс болатын. Бірақ мұндағы көрініс басқаша. Әлі үш шақырымға жуық жерге тротуар төселуі керек. Жұмысшылар саны да аз. Мұны байқаған аудан басшысы мердігер өкіліне қыркүйек айының басына дейін тірлікті мәресіне жеткізуді ескертіп, жуық күндері қайта келіп тексеретінін айтты.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
19.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 358
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6464
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8172
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6543
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6679