10 жылдан кейін ауыл ішінің көшелерін жөндеу қолға алынды

10 жылдан кейін ауыл ішінің көшелерін жөндеу қолға алынды

 

Осы жылдың сәуір айында  «AMANAT» партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы  Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Полянское ауылында қабылдау өткізген болатын. Сол қоғамдық қабылдау кезінде Полянское ауылының тұрғындары 10 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген Полянское ауылының Киров көшесіне орташа жөндеу жүргізу мәселесін көтеріп қабылдауға жүгінген болатын.

-Біз ауылдың негізгі көшесінің бірінің тозығы жетуіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізіп берсе деп «AMANAT» партиясының орталықтан, облыстан келген өкілдеріне жүгініп көмек сұраған едік. Арада азғана уақыт өткенде көшені жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ауыл тұрғындарының өтініштерін жерде қалдырмай іске асуына ықпал еткен «AMANAT» партиясының басшылығына алғыс айтамыз,- дейді Полянское ауылының тұрғыны Наталья Бургардт.

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы жүргізуінің негізгі мақсаты шалғай елді мекендердегі тұрғындардың арыз шағымын тыңдап  өзекті мәселелердің жедел шешілуіне ықпал жасау.

- «Ауыл Ел-бесігі» жобасы аясында көшені орташа жөндеуге 16 млн 276 мың теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, мердігер анықталды. Жұмыстар 2022 жылдың маусым айында басталды,- дейді Полянское ауылының әкімі  Жанна Ахметулдинова.

 

 

Тәттімбек Асханұлы ШҚО Өскемен
24.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 63
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 115
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 48
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 38

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 343
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6445
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8157
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6526
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6661