500-ге жуық елордалық велошеруге қатысты

500-ге жуық елордалық велошеруге қатысты

Елордада веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай бұқаралық велошеру өтті .

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен өткен велошеру қатысушылары екі қашықтықты бағындырды.

Алдымен велошеруге қатысушылар 20 шақырымдық үлкен қашықтықтықтан бастады. Үлкен қашықтықтың басы елорда маңындағы Қосшы елді мекеніндегі айналма веложолдан басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті.

Ал 3 шақырымды бағындыруға келген қала тұрғындары үлкен қашықтықты жүріп өткен қатысушыларды мәреден күтіп алды.

Әрмен қарай кіші қашықтықтың қатысушылары Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында бастап, сол жерден мәрені аяқтады.

Бұқаралық велошеру қатысушыларын веломаусымның ашылуымен құттықтаған қалалық Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Алмас Емелтайұлы былай деп лебізін жеткізді.

«Қайырлы күн, велоспортты жанына серік еткен спортшылар! Бүгінгі вело маусымның ашылуына және балалар жылына орай ұйымдастырылған бұқаралық велошеруге қатысқандарыңызға қуаныштымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қаламызда бірнеше ірі жарыс өтіп жатыр. Соның бірегейі – бүгінгі қала тұрғындары мен қонақтары арасында ұйымдастырылған бұқаралық велошеру. Бүгінгі велошеру жастарды спортқа баулуға және салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін!» – деді Алмас Емелтайұлы.

Қалалық спорт басқарма басшысының орынбасары соңғы жылдары елорда тұрғындарының бұқаралық спортқа ерекше қызыға бастағанын, елордамызда көптеген халықаралық жарыстардың өткізілетінін, осылайша жалпы спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын да атап өтті.
Бүгінгі спорттық шеруге 500-ге жуық елордалық қатысып, іс-шараның көркін қыздырды.

turkystan.kz
29.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 834
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6908
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10744
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6977
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7117