Әлеуметтік кәсіпкерлікті түсінбейтіндер көп

Әлеуметтік кәсіпкерлікті түсінбейтіндер көп

«Орталық Азия елдеріндегі әйелдер кәсіпкерлігі» өңірлік бағдарламасы тақырыбын талқылау барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып жүрген Ләззат Алшынова: «Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз – біздің қоғамдағы жаңа бағыт, көп адам ол туралы біле бермейді. Оны тіпті кәсіпкерлердің өздері дұрыс түсінбейді. Мұның өзге кәсіпкерліктен айырмашылығы бар, яғни түсетін табыстан бөлек қоғамға тигізер пайдаңыз да болу керек. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созған кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкер деп атаймыз. Қазірде осы жолды таңдаған кәсіпкерлеріміз аз емес. Көпбалалы аналарға, мүгедек жандарға көмек бересіз бе, жоқ әлде экология жағынан көмек бересіз бе? Оның түрі көп. Көп кісі әлеуметтік кәсіпкер дегеніміз тек тұрмысы төмен немесе көпбалалы аналарға көмек көрсету деп ойлайды. Олай емес. Табиғатты көркейтуге, тазалықты сақтауға, тарихи мұраларды сақтауға атсалысу да әлеуметтік кәсіпкерлікке жатады. Қоғамға қандай көмек бере алам деп өзіме сұрақ қойдым. Осылайша аз қамтылған отбасыларға көмек беруді жөн көрдім. Әр адамның ішінде мақсаты, миссиясы болады. Мен де білімім мен тәжірибеме сәйкес қоғамға пайдамды тигізгім келді. Осы мақсатта 12 жыл бұрын отбасылық қоғамдық клубтар деген жобаны бастадық. Мақсат – көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету.  Өз көзқарасым, мақсатым бар, сол жолда еңбектеніп жүрмін.  3 мыңнан аса бала біздің отбасы клубтарына келіп, қосымша білімді тегін алады. Оның қатарында би, спорт, шахмат, тілдер оқу, қолөнер үйірмелері бар. Барлығы 20-дан астам үйірме түрі бар. Басында, әрине, оңай болған жоқ. Өз идеямды ұсынып, демеушілер іздедім. Бір адам бұл істі жалғыз өзі жүзеге асыра алмайды. Ол үшін осы бағытта ойлайтын көзқарасы ортақ адамдармен араласып, бөлісу керек. Іздендім, осылайша қолдау таптым. Ойымыз бір жерден тоғысып, аула клубтарын аштық. Астана бойынша 6 отбасы клубымыз бар. Бірнеше демеушіміз де бар. Тек істі бастаған кезде құр отырмау керек, жүгіріп, ізденіп, әрекет ету керек. Біздің тегін үйірмелерге келу үшін инстаграм, фейсбуктегі аккаунттарымызға жазылып, телефон арқылы хабарласуға болады. Отбасы клубтарында үйдегі тәрбие бойынша да дәрістер оқытылады. Одан бөлек ата-аналармен  де жұмыс істейміз. Бақытты отбасы құру қағидаларына үңіліп,  мамандар ақыл-кеңесіне де жүгінеміз. Отбасы татулығы, сыйластығы біз үшін маңызды. Әйелдермен де бөлек жұмыс жасаймыз. Ол үшін арнайы мамандар жұмыс істейді. Қалай болғанда да негізгі мақсат кәсіпкерліктен бөлек өзіміз тұратын қоғамға пайдамызды тигізіп, аз да болса қолғабыс көрсету», – дейді.

Ермек Сахариев
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 27
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 36

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1007
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7055
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10901
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7124
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7266