Алматыда созылмалы бүйрек ауруының (СБА) ауыртпалығына арналған баспасөз-конференциясы өтті

Алматыда созылмалы бүйрек ауруының (СБА) ауыртпалығына арналған баспасөз-конференциясы өтті

11 сәуір, 2024 жыл. Алматы, Қазақстан. «Бүйрек саулығы барлығымыз үшін» атты баспасөз-конференциясы Дүниежүзілік бүйрек күніне орайөткізілді. Іс-шара нефрология, эндокринология және терапия салаларындағы жетекші сарапшылардың басын қосты. Дәрігерлер СБА-ның таралу статистикасымен бөлісіп, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін, диагностика мен емдеудің қолжетімді әдістерін талқылады. СБА-ны ерте анықтауға және алдын алуға да ерекше назар аударылды. Іс-шара Қазақстандағы «АстраЗенека»компаниясының қолдауымен өтті.

СБА әртүрлі сипаттағы бүйрек ауруларын біріктіретін жинақтық түсінік болып табылады және бүйрек функциясының ұзақ мерзімді прогрессивті төмендеуін білдіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, СБА-дан әлемде 840 миллионға жуық адам зардап шегеді2. Қазақстанда еліміздің әрбір оныншы тұрғынында осы кесел кездеседі, алайда жеті адамның біреуіне ғана СБА диагнозы қойылады1.

Сарапшылардың пікірінше, мәселе СБА-ныңбайқалмай жүруінде және оның көбінесе кеш кезеңдерінде анықталуында. Көп жағдайда адамдаргемодиализ, аптасына кемінде үш рет 4-5 сағаттық қан тазарту процедурасы, немесе бүйрек трансплантациясы қажет болған кезде кәсіби көмекке жүгінеді. СБА-ның ерте диагностикасы көптеген пациенттер үшін жағдайды жақсартуға үміт сыйлайдынақтылап айтқанда, гемодиализ қажеттілігін кешіктіруге және адамдарға жақсы және қанағаттанарлық өмір сүруге мүмкіндік береді.

М.ғ.д., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нефрология кафедрасының меңгерушісіАлматы қаласы бойынша нефрологиялық көмек координаторы Абай Мұсаұлы Шепетов: «Бүгінгі таңда 9 мыңға жуық қазақстандық гемодиализ процедурасын алады3. Мұндай науқастардың саны жыл сайын артып келеді. Бұл ретте Қазақстанда бейінді мамандардың тапшылығы туралы айтқан жөн. Халық арасында кеселдің таралуы жоғары болып тұрғанымен, елімізде бар-жоғы 400-ге жуық нефрологбар4. Созылмалы бүйрек ауруы 5 кезеңнен тұрады.СБА-ның еш белгілерсіз өтуіне байланысты пациенттер аурудың кеш кезеңдерінде дәрігерге жүгінеді. Егер біз пациенттерде СБА-ның диагнозын ерте сатыда, ең болмағанда үшінші немесе төртінші А сатысында анықтайтын болсақ, гемодиализді уақтылы терапияның көмегімен кейінге шегеругеболады».

2024 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша,бүйрек трансплантациясына кезекте шамамен 3600 қазақстандық тұр. Олардың 80-нен астамы – балалар. Ағзаларды трансплантациялауды күту тізіміндегі пациенттердің 90%-ға жуығы бүйрек трансплантациясын қажет етеді, қалған 10%-ды бауыр, өкпе және жүрек ағзалары құрайды5. Сарапшылардың пікірінше, өкінішке қарай, әркім өз кезегін соңына дейін күте алмайды.

Бүйрек трансплантациясын басынан өткергенпациент Анар Жеңісқызы Шаймергенова: «Мен 11-12 жасымда тамақ ауруымен қатты ауырдым, бұл – бүйрек аурулары дамуының себептерінің бірі. Сол кезде маған гломерулонефрит диагнозы қойылды, содан тек 30 жасымда диализге түстім. Менің жолым болды деп айта аламын, себебі маған донор табылды. Шындығын айтқанда, Қазақстаннан емес, Беларусь Республикасынан. Біздің елден айырмашылығы, ол жерде бүйрек трансплантациясы бойынша операцияны ақылы жасау қажет болды. Бұған кем дегенде, 72 мың доллар қаражат керек екендігін білдім. Мен әлеуметтік желілер арқылы жинақтауды аштым. Туыстарым мен менің жағдайыма бей-жай қарамаған қазақстандықтар қол ұшын созды, менің өмірімді сақтап қалды. Қазақстанда күту тізімінде мен 4 жыл тұрдым, ал Минскіде мен небәрі 10 ай күттім».

Мамандардың айтуынша, СБА дамуының қауіп факторлары болып табылатын бірқатар аурулар бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары – артериялық гипертензия (жоғары қан қысымы), жүрек-қан тамырлары аурулары, отбасылық анамнездегі СБАжәне қант диабеті. Артериялық гипертензиямен ауыратын әрбір үшінші науқаста СБА маркерлері бар екенін атап өткен жөн.

М.ғ.к., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының доценті Дина Амангелдіқызы Қапсұлтанова: «Егер пациентте қант диабеті, артериялық гипертензия, туыстарында СБА болса, креатининге қан анализін тапсырып, шумақтық сүзілу жылдамдығын өлшеу қажет. Бұл  сізде СБА-ның бар-жоғын білудің негізгі жолы. Мұндай талдауды терапевт тағайындайды. Созылмалы бүйрек ауруы бар адамдар денсаулығының нашарлауын және аурудың белгілерін байқамауы мүмкін. Сондықтан жылына бір рет қан анализін тапсыруды ұсынамыз. Егер адам тәуекел тобында болса, онда мұндай талдауды кем дегенде жарты жылда бір рет жасау қажет».

СБА дамуының жетекші себебі екінші типті қант диабеті болып табылады. Қант диабеті кезіндегі СБА мәселесітуралы м.ғ.к., «ҚР-дағы қант диабетінің ауыртпалығы» бас зерттеушісі, «Диабетті зерттеу жөніндегі қазақстандық қоғам» ҚҚ президенті Жанай Ақанұлы Ақанов сөз алды«Қант диабеті кезінде нефропатия дамидыҚазақстанда бұған қатысты парадоксалды жағдай қалыптасуда –диализдегі пациенттердің 50%-дан астамы  қант диабетімен ауыратын науқастар. Қазақстандабірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам пациент бар, ал аурудың жаңа жағдайлары бойынша жылына өсу үрдісі 18 мыңнан 30 мыңға дейін барады. Әлбетте, асқынуларды емдеу өте қымбат іс-шараларды қажет етеді, өкінішке орай, қазіргі таңда біз осы іспен айналысудамыз. Осы ретте алдын-алу терапиясыондаған есе арзан болуы мүмкін».

Сарапшы 2030 жылға қарай біздің елімізде қант диабетімен ауыратын науқастардың саны 800 мыңнан асуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан СБАауыртпалығын төмендету үшін эндокринология, кардиология және нефрология арасындағы пәнаралықкөзқарас қажет.

Қазақстанда гемодиализ ел азаматтары үшін тегін болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, жыл сайын осы процедураны қажет ететін адамдардың саны артып келеді, тиісінше мемлекеттік бюджетке жүктеме де өсуде. Гемодиализге кететін уақыт шығындарына байланысты пациенттер көбінесе жұмысқа орналасу мүмкіндігінен айырылады. Гемодиализден өткен азаматтарға бірінші дәрежелі мүгедектік беріледі. Сондықтан осы жағдайды өзгерту үшін СБА-ның ерте диагностикасы өте маңызды.

 

 

«АстраЗенека» компаниясы туралы

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология, метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде таныстырылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады. Компания жаңалықтарын astrazeneca.com сайтынан оқыңыз.

11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1146
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7192
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11053
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7256
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7405