Амангүл Кабдекина: Педагог мәртебесінің артуы талапты күшейтті

Амангүл Кабдекина: Педагог мәртебесінің артуы   талапты күшейтті

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері білім және ғылым саласына мемлекет баса назар аударып келе жатыр. Егемендіктің 30 жылында бұл салаға талай реформа жасалып, қыруар игі шаруалар атқарылғаны белгілі. Әрине, жеткен жетістіктерімізбен қоса жоғалтқандарымыз да жоқ емес. Білім саласына жіті назар аударып отырған сарапшыларға құлақ түрсек, таңды-таңға жалғап, ағарту саласындағы ақтаңдақтар мен ғылым жүйесіндегі кемшіліктердің қоясын қопаруға дайын отыр. Дегенмен барды бар, жоқты жоқ деп бағалайтын адамдар үшін білім және ғылым саласында қазақстандық тәжірибелер деп ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз де жоқ емес. Солардың қатарында педагог мәртебесін көтеру жолында мемлекетіміз үлкен қадамдар жасады. Қазір мұғалімдердің жалақылары өсті. Сонымен қатар біраз жаңалықтар өмірге келді.

Біз осы саладағы атқарылып жатқан шаруалар мен білім мекемелеріндегі қызметтің жай-жапсары туралы көкейде жүрген бірнеше сауалымызға жауап іздеп, Астана қаласындағы №65 мектеп-гимназиясының  Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Кабдекина Амангүл Мұхаметбекқызымен жолығып әңгімелескен едік.

– Амангүл ханым, педагог мамандығының беделін арттыру тұрғысында мемлекеттік деңгейде қолға алынып жатқан бастамалар жайлы пікіріңізді айта кетіңізші.

Педагог мәртебесі туралы» заңның артықшылықтары айтылды– Мұнда ең алдымен соңғы жылдары жүзеге асырылған «Педагог мәртебесі» туралы заңдағы жаңашылдықтан бастаған жөн шығар деймін. Себебі осы заңның қабылдануымен қатар білім саласында ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар болып жатыр десек артық болмас. Қазақстанда 2019 жылдың соңынан бастап, мұғалімдерге ерекше көңіл аударыла бастады. Осыған орай «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ол заңға 2019 жылдың 31 желтоқсанында қол қойды. Заңға сәйкес, ең алдымен   кеңею және өзі атқаруға тиісті  емес жұмыстардан босату, жүктемені азайту мәселесі қарастырылды. Заң қабылданғаннан кейін ең алдымен қаржылық жағынан мұғалімдердің жалақысын арттыру мәселесі күн тәртібіне көтерілді. 2020 жылдан бастап 25 пайыздан өсіріп, 4 жылда  бұл қаржыны екі есе арттыру көзделді. Сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істейтін ер адамдарды әскери қызметке шақыру да кейінге қалдырылды. 2021 жылдан бастап, оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету туралы да қарастырылып, заң күшіне енді. Барлық ұстаздардың кезекті еңбек демалысы бұрын 42 күн болса, енді 56 күндік демалысқа шығатын болды.

Жоғарыдағы айтқандарымызға қоса айта кететін тағы бір жаңалық – ұстаздарға аттестация бойынша қосымша үстемеақы төленетін болды. Заң аясында ұстаздар жалақысын көтеруден бастап, педагогтердің абыройына нұқсан келтіргені үшін айыппұл салу шаралары да қарастырылған. Бұл жерде педагогтерге деген талап пен жауапкершіліктің де арта түскендігін айта кеткен жөн. Мұның біреуі  ұстаздық қызметпен айналысуға тыйым салатын шарттар дер едім. Мысалы: мінез-құлқында  ауытқуы бар және психикалық ауытқуы бар, дәрігер бақылауына алынған, қабілеті шектеулі азаматтарға  білім саласында қызмет атқаруға болмайды.

Мұғалімдерге тәлімгер болғаны үшін лауазымды жалақы төленеді. Ол – 17 мың теңге. Сонымен қатар  педагогикалық шеберлігі үшін 30 бен 50 пайыз аралығында қосымша қаржы төленетін болды. Тағы бір ерекше айта кететін жаңалық  – мұғалімдер Халықаралық байқаулар мен жарыс жеңімпаздарын, олимпиада мен спорттық жарыстарға оқушы дайындағаны үшін де сыйақы белгіленді. Бұл өз кезегінде ұстаздар қауымының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар баптап шығуға деген ынтасын арттырып, жігерлерін жани түскен жаңалық болды. Ашығын айтар болсақ, жүйкесін жұқартып, көз майын тауысып отырып үздіктер дайындайтын мұғалімдер ендігі жерде еңбегінің бодауы үшін мақтау қағазбен қоса қаржылай қолдауға да ие болады деген сөз. 

Тағы бір жаңалық: Енгізілген заңға сәйкес магистр дәрежесі  бар ұстаздарға да қосымша ақы енгізілді. Мектептің  басшысы және орынбасарларына да біліктілік санаты үшін жалақысын арттыру мәселесі қарастырылып, орындалды. Сондықтан бұдан былай ғылым магистрі дәрежесі бар жас ғалымдар тек қана ЖОО-ларда қызмет істейтін «дағды» өзгеріп, мектептерде де жас ғалымдар қызмет ете бастайды деген сөз. Бұл өз деңгейінде білім сапасының артуына кәдімгідей ықпал етеді деп ойлаймын.

– Қазір «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл ең алдымен ұстаздар қауымына сын екендігі белгілі. Жалпы мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы талаптар жүктемені ауырлатып жіберген жоқ па?

Success Icon PNG Images, Vectors Free Download - Pngtree– Жоғарыда педагог мәртебесін арттыруда көптеген қамқорлықтар қарастырылғандығын айтып өттік.  Мұнда тек қана жалақыны өсіріп қойып, басқасын бақылаусыз тастады деуге келмейді. Педагогтерге деген талап та күн санап күшейіп келе жатыр. Ұстаздарымыз қазіргі заманның бесаспап тұлғалары десек те болады. Үнемі білім жетілдіріп отыру біздің парызымыз саналады. Онсыз көшке ілесу қиын болмақ. Өзара тәжірибе алмасу, ізденіс үстінде жүру, біліктілікті арттыру курстарынан өту ұстаздар үшін міндетті болмақ. Яғни оқушыларға білім беру, тәрбиелеу жолында өзіңді-өзің сәт сайын дамытып отыруға міндеттісің. Қазіргі заманның Альфа балаларын оқытуға үлкен білім, үлкен қабілет керек. Онсыз замана көшінен қалып қоямыз. Ол білім саласында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, педагогикалық шеберліктерінің өсуіне, инновациялық технологиялар мен оқытудағы заманауи тәсілдер көмегімен жаңа білім мазмұнын енгізуге мүмкіндік беретін байланыс болып табылады.

Мемлекеттің күткен үміті мен қоғамның талабы белгілі. Ол – білімді ұрпақ тәрбиелеп жетілдіру. Сол арқылы елімізде сапалы білім берудің бірегей жүйесін қалыптастыру. Білімді ұлт дегеніміз осылай қалыптасады. Бізде Кеңес одағы кезінде Қазақстанда білім беру саласы жақсы дамыды. Сол кездегі жағдайымыз қазір алпауыт елге айналып отырған кейбір көршілерімізден көш ілгері еді. Бізде ауылдарда да балабақша болды. Әрбір мектеп бітіруші түлектер өздерінің қарым-қабілетіне қарай жеткен жеріне дейін оқу оқыды. Тәуелсіздіктен кейін де осы дәстүр үзілген жоқ. Дегенмен жаһандану үрдісіне сай жаңа талаптар мен жаңа қағидалар өмірге келді. Сондықтан да ұстаздарға қойылатын талап күн санап өсіп келе жатыр. Мұндай жерде бәсекенің де арта түсетіндігі белгілі. Бұл мұғалімдердің жүктемесіне әсер етпей қалған жоқ. Міндет те, талап та, бәсеке де күн санап артып келеді. Соңғы үш жылдың көлемінде пандемияға байланысты онлайн оқу үрдісі бір мезгіл дәстүрлі оқудың орнын басты. Қазір де ауа райының қолайсыздығына немесе оқушының денсаулығына байланысты онлайн оқыту әдісі оқу-оқыту жүйесіне толықтай еніп, баламалы әдіске айналып отыр. Бұл сапасы жағынан дәстүрлі оқытуды алмастыра алмағанымен, ұстаздардың қызмет жүктемесін      ауырлатып жатқандығын жасыра алмаймын. Жаһанды жайлаған індет толық тізгінделетін болса, оқыту жүйесі де бүкілдей өз қалпына түседі. Сондықтан көз алдымыздағы қиыншылықтар да өтеді деген сенімдемін.

– Бұрынғы кезде балалар «болашақта мұғалім боламын» деп армандап жүруші еді. Қазір сондай арманды қуатын балалар азайған сияқты көрінеді... ЖОО-ны бітірген жігіттер тіпті мектепке қызметке тұруға құлықсыз секілді. Бұған көзқарасыңыз қалай?

– Иә, бұл айтқандарыңызбен ішінара келісемін. Дегенмен мемлекеттің білім саласына деген айрықша қамқорлығының арқасында педагог мәртебесінің жоғарылауына орай қазір мектепке   қызметке тұрғысы келетін жастардың қатары артып келеді. Ал ЖОО-ларды бітірген жас жігіттердің мұғалімдікті таңдауы да жоғарыдағы жағдаймен сабақтасып жатыр. Өкінішке қарай, еліміздің экономикалық жағдайына, ішкі миграцияға               байланысты жас жігіттердің мектепке қызметке орналасуы азайып кетті. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде анық байқалуда. Ауылдардағы мұғалімдердің жетіспеушілігі дегеніңіз өз алдына бір хикая ғой. Мемлекет бұл саланы ретке келтіру үшін «Дипломмен ауылға» секілді бағдарламалар қабылдады. Жалпы мектептердегі ер мұғалімдердің санының азаюы  әлемдік деңгейдегі мәселеге айналған дүние. Бұл үрдістің бала психологиясына, білім сапасына, қоғамға әсері туралы ғалымдарымыз көптеп айтып жүргенін білесіздер. Сондықтан бұл арада кеңінен тоқталмай-ақ қояйын...

Қазіргі заманда құндылық та, өмірдің ағысы да өзгеріп кеткендей. Көптеген жастарымыз оңай жолмен ақша табуды армандайтын болды. Әрі «ғаламтор арқылы бір сәтте шіріген байға айналып кетіпті» дейтін заманауи мифке еліктегіш болып бара жатыр. Ал ұстаздық жол аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін ауыр жол. Ол тынымсыз еңбекті, сабырды, төзімді қажет етеді. Сондықтан ұстаздар жас ұрпақтарымызды білім арқылы еңбек етуге тәрбиелеуіміз керек. Өз қалауына қарай, дұрыс мамандық таңдамаса, ол да қиын. Қысқасы, жақсы жалақымен мектепке қызықтыру дегеніңіз бер жағы ғана. Мұғалім болғысы келетін адам бұл кәсіпті жүрегімен сүйгені жөн. Бұл жерде ұрпақ тәрбиесіне ер мұғалімдер де аянбай атсалысуы тиіс. Қысқасы, баланс сақталуы керек.  Білім жолы қиын жол. Оған дайындықсыз келу  болашақ ұрпақтың тамырына балта шабатындығын ұмытпаған абзал. Мен 40 жыл ұстаздықпен шұғылданып келе жатқан әріптестеріміздің өзі 40 минуттық сабақ үшін үлкен даярлық жасайтынын көріп жүрмін.  Міне, өз кәсібіне жауапкершілік деген осы дер едім. Сондықтан да ұстаздың жолы барлығынан үлкен! Мағжан ақын: «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі», – деп бекер айтпаған ғой. Ол – келешек мамандарды даярлайтын адам. Міне, мемлекеттің жолға қойып отырған «Білімді ұлт» жобасының маңыздылығы да осында жатыр.

– Уақыт бөліп, пікір білдіргеніңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан – ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 9
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 18
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 984
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7035
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10878
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7103
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7243