АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «I-ші тоқсанның қорытындысы бойынша жетекшілік ететін салаларында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасарлары Қ. Аманов және Қ. Серимов өз салалары бойынша үстіміздегі жылдың I-ші тоқсанында атқарылған жұмыстарды өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырмалы түрде баяндады.
Бұдан кейін аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралып, "Сенбілік және көктемгі тал көшеттерін отырғызу жұмыстарының барысы туралы" және "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы" мәселелер бойынша тиісті сала басшылары хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасарларын, тиісті сала басшыларын және жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді, ауданның әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіші бойынша әр тоқсан сайын белгіленген межелер мен жоспарларға сәйкес жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырып, нақты хаттамалық тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігі
10.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1142
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7187
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11048
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7251
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7398