“АҚЫНДАЙ СЕЗІМТАЛ, ӘЛЕМДЕ ЖАН БАР МА?” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

“АҚЫНДАЙ СЕЗІМТАЛ, ӘЛЕМДЕ ЖАН БАР МА?” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әулиеата өңірінде дүниеге келген жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырып отырған «Жазушымен бір күн» жобасы аясында Әулиеаталық ақындармен «Ақындай сезімтал, Әлемде жан бар ма?» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.
♦️ Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Жарылқасын Аманұлының өлең жолдарымен аталған кешке арнайы ақын, белгілі журналист, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Қамар Қарасаева, жазушы, журналист Ардақ Үсейінова, Қазақстан Жазушылар мен журналистер одақтарының мүшесі, ақын, журналист Нұржан Қадірәлі, ақын, «Ақ жол» газетінің тілшісі Нұржан Әліш қатысты.
🔷 Жас болса да, әдебиет әлемінде өзіне тән соқпақ жол салған ақындардың өмірлік және шығармашылық жолдарымен кітапхана оқырмандарын жан-жақты таныстыру, кітапхананың жас оқырмандарын ақындармен жүздестіру арқылы, олардың туындыларын оқуға баулу мақсатын көздеген кітапханашылар, іс-шараға арнайы поэзияға жаны құмар бір топ студенттер мен оқушыларды шақырды.
🔶 Поэзия, ақындық өнер, бүгінгі қазақ әдебиеті жайлы орамды ой, түйіні терең философиялық әнгіме айтылған кеште замандас ақындарының ізімен ерген ізбасар іні-қарындастары өз шығармалары мен арнауларын тарту етсе, ақындар өз өлең жинақтарынан жыр төкті.
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы
09.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 20
САЙРАМДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 31
АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.05.2024 33
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 91
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 68

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1374
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7417
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11286
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7467
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7622