Арамшөптермен күресу басты талап

Арамшөптермен күресу басты талап

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі,Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек Марсұлының қатысуымен дала жағдайында семинар кеңес өткізді. Шараның негізгі тағырыбы: "Өсімдіктерді қорғау жүйесі: дәнді және майлы дақылдарды қашықтан мониторингтеуді пайдалана отырып, арамшөптермен күресу шараларын бақылау". Аталмыш шараға бұдан бөлек, Ақмола облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өкілдері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Республикалық "Фитосанитария" саласы мамандары мен қатар Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан арнайы мамандары қатысты. Сонымен бірге, аталған өңірлердегі егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық басшылары келді. 

 

"Қазіргі таңда біз егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының жұмыстарын жіті бақылауда ұстауымыз керек. Алқаптарда арамшөптермен бірге түрлі зиянкестер көбейіп жатыр. Оны біз жыл сайынға маниторнингі арқылы бақылап келеміз. Ал карантиндік арамшөптердің елеміздің егіс алқаптарында молаюы бұл дабыл қағарлық шаруа. Себебі біздің алқаптарда карантиндік арамшөптер болған жағдайда астықты экспортқа шығару мүмкін болмай қалады. Сондықтан мемлекет тарапынан шаруаларды қолдауымыз керек",- дейді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек Марсұлы. 

Семинарда карантиндік арамшөп саналатынжатаған укекіреге қарсы күрес іс-шаралары келушілердің назарына ұсынылды. Укекіре бұл мәдени өсімдіктердің, ең алдымен дәнді-дақылдардың қалыпты өсуіне және дамуына кедергі келтіретін зиянды арамшөп. Егістіктердеукекіре өссе онда Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне өрасан зор шығын келтірері сөзсіз.  

"Бұл өсімдіктің атауы "ЖАТАҒА УКЕКІРЕ" деп аталады. Елемездің егіс алқаптарына тарап кету қауіпі алдында тұр. Дер кезінде шара қолданып уламасақ бұл өте тез таралып алқаптарды алып кетеді. Егер шаруалар жатаған укекірені байқап жатса ол аумақты дереу қоршап ол жерге техника кіргізбеулері керек. Техника кіріп жерді өңдепкеткен жағдайда жатаған укекіре барлық алқаптарға таралады. Содан кейін онымен күресу өте қиын. Сәйкесінше бұл жерден жиналған астық түкке жарамай қалады.",- дейді А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының Бас агрономы Хурметбек Октябрь. 

Семинардың бірінші тәжірибелік бөлімі Шортанды ауданына қарасты Бозайғыр ауылдық округінің алқаптарында ұйымдастырылды. Екінші кезең тәжірибе алмасу ретінде А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының базасында өтті.  Бұл жерде жиынға қатысушылар мен мамандар, шаруалар ғалымдардың ұсыныстарына, пікірлеріне назар аударып, зиянкестермен күресуді заманауи талаптары туралы кеңес алды. 

"Карантиндік арамшөп жатаған укекіренің биологиялық ерекшеліктері. Арамшөптермен күресуге арналған агротехникалық және химиялық іс-шаралар",- тақырыбындағы баяндамасы көпшіліктің көңіліненшыққан А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Утельбаев Ерлан "Карантиндік арамшөп жатаған укекіремен күресу кешенді түрде жүргізілуі керек. Ол кәдімгі арамшөптер тәрізді бір рет тамырын кесіп тастау арқылы жойылмайды. Оның тамырының тереңдігі 10 метірге дейін кететіндіктін кесіп тастаған күннің өзінде қайта көктеп өсуін одан сайын күшейтеді. Және келесі алқапқа таралады, сондықтан жатаған укекірені тек кешенде түрде химиялық жолмен жою қажет",-дейді.

Бердібек Хабай
05.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

БӘЙДІБЕКТЕ ШАМШЫБЕК БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ «ОЗАТ ҰСТАЗ-2024» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.04.2024 19
Киелі домбыра
Ақнұр Зетулла, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті. - 14.04.2024 24
САЙРАМДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.04.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 817
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6893
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10727
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6960
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7100