АРЫСТА БАҒДАРШАМДАР РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

 АРЫСТА БАҒДАРШАМДАР РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ
Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіздікті сақтауда бағдаршамның қызметі зор. Түрлі түстер арқылы бағытты айқындайтын бағдаршам арқылы көлік қатынасы реттеліп, тұрғындар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Әсіресе, қаланың орталық көшелеріндегі бағдаршамдар жылдамдықты шектен асырып, қауіп төндірудің алдын алады.
Бүгінде Арыс қаласында көлік қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіздігін 9 бағдаршам қамтамасыз етеді. Қала әкімдігі барлық бағдаршамды зерделеуден өткізіп, қазіргі таңда құрылғылардың ақаулықтарын жою, бүлінген тұстарын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл бойынша Арыс қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде, мердігер мекеме анықталып, бағдаршам ретке келтіру жүмыстары басталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 29
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1183
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7228
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11094
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7293
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7437