АРЫСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАРИЯЛАРДЫҢ ҮЙ АУЛАСЫН ТАЗАЛАП БЕРДІ

АРЫСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАРИЯЛАРДЫҢ ҮЙ АУЛАСЫН ТАЗАЛАП БЕРДІ
Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің еріктілері мен №17 колледж волонтерлері еңбек ардагерлерінің мекен жайларына барып, әлеуметтік көмек көрсетуде.
Қазақ елінің өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Осы ретте «Таза өлке» акциясы аясында арыстық волонтерлер қарттарға құрмет көрсетіп, алғыстарын алып жүр.
Колледж студенттерінен құралған волонтерлер қаламыздың құрметті азаматы, ақын бүгінде сексенді алқымдаған Сабырхан Әлібекұлы мен Зәуре Оразбайқызының үйіне барып, аула жұмыстарына жәрдем етті. Ақсақалдың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алған Арыс жастары Сабырхан ақсақалдың үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қораны шөптен тазартып, күл-қоқыстарын шығарып қолғабыс етті.
Дәл осындай игі істен қаламызға қарасты алты ауылдық округ жастары да тыс қалмай, ауылдағы тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, үй шаруашылық жұмыстарына қолғабыс етті. Дария көңілді қариялар үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» дегенді нық ұстанған жастар «мақсатымыз - азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау» дейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА 10 МЫҢ ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 73
САЙРАМДА  «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 35
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1432
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7473
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11351
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7522
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7679