Әскердегі әлімжеттік тыйыла ма?

Әскердегі әлімжеттік тыйыла ма?

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Бірақ тәуелсіз елміз деп бөркімізді аспанға атып, алақайлағанымызбен, әлі күнге дейін мемлекет ретінде алға қойған мақсаттарымыздың анау айтқандай алға озып кетпегеніне куә болып отырмыз. Иә, тарих қойнауына кеткен 30 жылға өкпе жоқ. Ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістіктеріміз көп. Оларды санамалап отыру мақсат емес. Бір әттеген-ай немесе шіркін-ай дейтін тұсымыз мемлекетіміз толық зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік қоғам құра алды ма? Ең қымбат қазына – адам, адамның өмірі, бостандықтары мен құқықтары қорғалып жатыр ма? Қыл аяғы әскерге аман-сау барған баланың аман-есен оралатынына кім кепіл бола алады? Басқасын айтпағанның өзінде кешегі Қаңтар қасіретінің ақиқаты әлі ашық айтылған жоқ. Айдың-күннің аманында қорланған қазақтың жан жарасы жазылған жоқ. «Аққу, шортан һәм шаян» кейпіндегі қоғамның темірқазығы қайсы, ертеңге деген сенімі қандай деген сұраққа ешкім жауап бермейді. Халық қалаулысы деп атын дардай қылып, үміт еткен депутаттар ұйқылы-ояу қалпында «сахнадан» кетті. Алда сайлау. Құр уәдені үйіп-төгіп сайлаудан сайлауға ұмтылған биліктің қолы бос емес.

Ахатова Ляззат - адвокат Астана, Нур-Султан. Юридические услуги Астана«Билік өз креслосымен әуре. Сайлау өткізуден қолдары тимейді жоғарының. Қазақ қырылып жатыр мына жақта, бірін-бірі қорлап, зорлап. Әскер деген азғындықтың мекені болды. Елді қорғайтын, қорғанымыз дейтін ұлдарымыз зорлықтың құрбаны болып, қорланып өліп жатыр, айтуға ауыз бармайтын сұмдық қорлық көріп... Осылай қарап отыра береміз бе, ағайын? «Жылдың үздік заңгері», тағы бірдеңесі, танымал бәлеқоры, блогері, қаптаған ұлттық, қоғамдық Кеңес, Палата дегендер қайда? Мүшелері, «члендері» қайда, атағы жер жаратын кеңес-палаталарыңның? Спикермен селфи түсіп, куәліктерімен мақтанып, желіде жыртылып жатқан қазақтар, қайдасыңдар, популистерім-оу! Жаңа Қазақстан құрушыларым-оу, әскерге шығарып салып, Отан қорғайтын азаматтарымыз, өрімдей ұлдарымыз зорланып, қорланып, асылып өліп жатқанда, қалай үнсіз отырсыздар? Халық үшін қызметте жүрген емес пе едіңіздер? Қалай үнсіз отырсыздар жүректеріңіз шыдап?!

Экс-депутаттар неге үнсіз, әншейінде батыл айтып, елдің ықыласына бөленіп жүрген? Парламенттен кетсе болды ма? Елдің проблемасына бас ауыртудың керегі шамалы ма, енді? Рөлдерін ойнап болды ма, не болды сонда? Мансап үшін көзбояушылық па еді баяғыдан бергі әңгімелері?!

Бәріңіз ұл өсіріп отырсыздар ғой, мына сорақылыққа қалай үнсіз қалуға болады?!» – дейді белгілі заңгер, құқық қорғаушы Ләззат Ахатова

Иә, бәріміз де бала өсіріп отырмыз. Ер жігіттің Отан алдындағы абыройлы борышы – Отан қорғауға барып келсе, шынығып, шымыр болып оралса деп армандаймыз. Егер армия біз ойлағандай, халықтың қиялындағыдай ұлттың адал ұланын, Отан сүйер патриотын, ерік-жігері тасыған сайдың тасындай білікті, білекті өренін тәрбиелеп бере алса... Қазір не көп, әскерден қашқан жасөспірім көп, баласын армияға жіберуден қорқатын ата-ана көп. Өз еркімен әскерге барғысы келмеген азаматтарды көшеде қуып жүріп ұстап, тіпті кейде қолына кісен салып күшпен алып кетіп жатыр. Бостандықта жүрген жасөспірімді күшпен армияға алды деген сөз, әскерде де әлімжеттіктің «әкесін» көрсететінінің дәлелі емес пе!?

Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай: 20 ақпан 2014, 12:17 - жаңалықтар  Alashainasy.kzПрофессор Досай Кенжетай: «Әскер… саяси еркіндік үшін шарт. Саяси еркіндік – мемлекеттіліктің баяндылығының кепілі. Ал мемлекет деген – адам. Адамға өз атын сақтап қалу үшін ішкі еркіндік шарт. Ішкі еркіндік деген – мораль, ар… Әскер дегенде қазақ атына сай құрмет етеді ежелде. Бірақ соңғы 100 жыл қазақта әскер болмады. Себебі оның саяси еркіндігі де болмады. Мемлекет те құдайсыз, моральсыз кодекстермен әдіптелген соң, ішкі еркіндікке қажеттілік те болмады. Онда тағы «орман заңдылығы» – дедовщина үстемдік етті. Тәртіп қайдан болсын! Сол советтік әскери жүйе арсыз, ождансыз қалпы біздің елде сақталып қалды. Не жүйе, не тәртіп, не тіл, не діл жай ғана шекпендер мен сұлбалар… осы хәлдегі мемлекет үшін жауды алыстан іздеп керегі жоқ. Себебі оның жауы – өз әскері... Не ұлтын сатып кетеді, соғыста майданды тастап кетеді… Онда ұлт та, мәдениет те, тарихи сана да, болмыс та, құндылық та, Отан да құнсызданған… «Ашынғаннан шығады ащы даусым» демекші… Бұлар мына түрімен елдің қалт-құлт еткен егемендігіне тұтқа бола алмайды! Сондықтан Ресей жаулайды деп емес, әр жолы ОДКБ, Путин әскері аман болсын деп өзеурейтін боламыз әлі… Құдайдан басқа тәуекел сүйенер қалмады.. Әскері де, әулиесі де өз перзентіне саптайтын болған соң не шара… Мені соттамақ түгілі асып тастаса да, ұлымды әскерге жібермеймін!» – дейді. Ешкім де жібермейді. Әлде билік кәмелетке толған балаларымызды күшпен, зорлық-зомбылықпен «Отан қорғауға» алып кетпек пе? Біз жәбірленуші бар, жәбірлеуші «жоқ» қоғамға айналып барамыз. Ең қорқыныштысы осы. Аяқ-қолы балғадай талай жасөспірім баланың әскерден мүгедек болып оралғанын, аман-сау кеткен баласының табытын құшып зар-еңіреген ата-ананың қайғысынан артық қасірет бар ма? Ел сенім артқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев неге үнсіз? Кеше ғана жалпақ жұрттың жанын шошытқан қасіретке жаны ауырмай ма? Адвокат шырылдап шындығын айтып жатыр. Халық шулап жатыр... Әлеуметтік желіде дерсіз... Қайғысы қалың халық әлеуметтік желіде шуламай, қайда шулайды? Алаңға барса қуады, атады, қамайды.

Противогаз кигізіп, тұншықтырады»: әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды? |  SN.kz - жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Мемлекет басшысының Біз «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» негіз қалаушы қағидатын берік ұстанатын боламыз» деген уәдесі қайда? Президент ретінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыруға, «әділ қоғам мен тиімді мемлекет» қалыптастыруға, мемлекет пен азаматтық қоғамның тығыз өзара іс-қимылына, құқықтық саясат пен құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысының нәтижесін қашан көреміз? 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 844
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6918
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10757
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6989
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7128