Астанада жел электр станциясы салынбақ

Астанада жел электр станциясы салынбақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескертпесіне орай әкім-қаралар ел ішінің жаңалығын біліп отыруға міндетті. Ол үшін әлеуметтік желілерге тіркелуге тиіс. Сөйтіп, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың арыз-шағымдарын тыңдап және өздерінің жұмыстарының да нәтижесін таныстырып отыру үлкен жетістік!

Осы орайда әлеуметтік желіден  Астана қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың  Instagram парақшасында елордада жел электр станциясы салынатынын мәлім еткенін оқып қалдық. Бұл, әрине, өте қуанышты жаңалық.

«Елордада шетелдік жеке қаражат есебінен жел электр станциясын (ЖЭС) салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені Италияның ENI мұнай-газ компаниясымен («Arm Wind» ЖШС), ҚР Энергетика министрлігі өкілдерімен бірлесе пысықтап жатырмыз. Жел электр станциясының қуаты бірінші кезеңде 50 МВт болады, ал одан әрі 100 МВт-тан аса ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы бұл жоба электр энергиясының қосымша маңызды көлемін құруға мүмкіндік береді. Осы арқылы құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта тартылатын шетелдік жеке инвестициялар сомасы 50 млрд теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздері секторын кеңейтудің және еліміздің электр энергетикасы саласын дамытудың ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Себебі қазір энергетика ел экономикасында негізгі рөл атқарады. Президент еліміздегі «жасыл» технологиялардың үлесі 2030 жылға қарай 15%-ға дейін артуы тиіс екенін атап өтті», – деп жазды елорда әкімі.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 353
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6458
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8167
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6538
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6674