Балалардың көзайымына айналған «Мөлдір бұлақ» журналына 20 жыл!

Балалардың  көзайымына айналған  «Мөлдір бұлақ»  журналына 20 жыл!

Осы ғасырдың басында 2002 жылы «Qazaqstan dauiri» (Бұрынғы «Қазақстан-Zaman») газетінің аясында жас зиялыларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы өмірге келді. Содан бері әне-міне дегенше 20 жыл өте шығыпты. Тәуелсіздігіміздің оныншы жылы жарыққа шыққан журнал ширек ғасырға жақын уақыттан бері өсіп келе жатқан тәуелсіз елдің перзенттеріне тоқтаусыз қызмет етіп келе жатыр. Егемендік алғанға дейін «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен» секілді бірнеше ғана балалар газет журналдары болса, дербестігіміздің шарапаты арқасында балаларға арналған бірнеше басылым өмірге келді. Біздің басылымда тәуелсіздіктің төл тумасы. Күн сайын өсіп келе жатқан жас мемлекетіміз үшін басылым көптік етпейді. Әр басылымның өз оқырманы, өз тұтынушысы бар. Кім қаншалықты қызмет ете алады, соншалықты нәтиже көрінетіні анық. 

Журналдың ең басты ерекшелігі – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, мемлекетшілдік көзқарасты сәби шағынан бастап санасына сіңіре отырып, ертеңгі елдің қожалары өздері екенін сездіру. Одан ары мемлекетті құраушы негізгі қазақ ұлтын түп қазық ете отырып, ұлттық құндылықтар мен ұлттық менталитетті жүректеріне сіңіру. Жастық, балалық шақ – ең үлкен байлық, оқығанын тез ұғатын, үйренгенін меңгеретін, мақсатына жететін ғажап шұғылалы кезең. Ендеше сондай бір мүмкіндікті пайдаланып білім алуға, биіктерге ұмтылуға жетектеу журналдың тағы бір басты міндеті. Ұрпақ тәрбиесі жөнінде Әл-Фараби бабамыз айтып кеткен «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат алып келеді» деген қағиданы терең түсініп, күллі жұмыстың басына тәлім-тәрбиені қоя отырып, білім беру дәуір талабы, уақыттың қажетілігі. Журналдың оқушыларға жетуінің де осындай өзіндік сыры бар». 

Газет журнал тек қана ақпаратпен қоғамды қамдау үшін ғана жарық көрмейді. Ол білім бұлағы, таным мен тағылымның өрісі, тіпті көркемдіктің көкжиегі. Солай болғандықтан да, «Мөлдір бұлақ» журналы өз жауапкершілігін сезіне отырып, ұлттың келешегіне қызмет етумен келеді. Басты оқырманы мектеп жасындағы тәрбиеленушілер болғандықтан, шәкірттердің шығармашылығына басымдылық беріп, жасампаздығын жетілдіруді көздейді. Оқушылардың жазған тақпақтарын, эсселерін, салған суреттерін, ой-пікір сәлем хаттарын басып шығарып шабытына шабыт қосып, «бұлақ көрсең, көзін аш» деген өнегелі жолмен балалардың жолын ашу, жолдасын білім ету. Осымен ғана шектеліп қалмай, ұстаздар ұлағатын, ата-аналар кеңесін, ұлы адамдар өмірін, ғылым-техниканың жаңалықтарын жатпай-тұрмай іздеп тауып, жарыққа шығарып отырамыз. Журналда жүзден аса айдар, тұрақты мінберлер бар. Ел ішіндегі жаңалықтар мен әлемдегі таңғажайыптар туралы да сыр шертуді ұмытпаймыз. 

«Мөлдір бұлақтың» кешегі балғын оқырмандары бүгінгі елдің үміт артар таянышы, сенімді тірегіне айналды. Балғын басылымның «Жас тілшілері» бүгінгі қарымды қаламгерлер дәрежесіне жетті. Олар егеменді еліміздің ақпарат кеңістігінде аянбай тер төгіп келе жатыр. Арғысын айтпағанда, жас тілшілер қатарында қалам тартып жүрген жеті түлек былтырдың өзінде жоғары оқу орындарына грантқа түсіп білімдерін одан ары жалғастырып жатыр. 2021 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына жариялаған бәйгеден республика бойынша 13 жүлдегер топ жарып келген болса, биылғы тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы «Отан! Отан! Бәрінен биік екен!» деген тақырыптағы шығармашылық байқаудан тағы да 13 шабандоз оза шауып, грамоталары мен бағалы сыйлықтарын алып қайтты. 

«Мөлдір бұлақ» 2002 жылдың ақпан айында жарық көріп, «Қазақстан-Zaman» газетінің аясында шығып тұрды. Алғашқы Бас редакторы Сумейра Абжы болды. Одан кейінгі басылымның басшысы журналист Раушан Кәрішалова. 2005 жылдың қараша айынан 2018 жылға дейін журналға ҚР «Мәдениет қайраткері» Кучукова Жанастан Тұрсынқызы бас редакторлық етті. 2018-2021 жылдар арасында ҚЖО-ның мүшесі, ақын, «Серпер» сыйлығының иегері Саят Қамшыгер Бас редактор болды. Онан кейінгі кезек бізге нәсіп болды.  Журналдың 5, 10, 15 жылдығы кезінде Қазақстан журналистер одағының арнайы дипломымен марапатталды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын алды.   

Міне, біз журналдың 20 жылдығына қадам бастық. Алда тың тақырып, озық ойлармен өздеріңізді қуандыра береміз деген ойдамыз. Көзқарасыңды байытып, біліміңді тереңдете түсу үшін, шығармашылық белсенділігіңді арттырып, жаза түсу үшін міндетті түрде «Мөлдір бұлаққа» жазылуға тура келеді. Кітапқа, газет-журналмен дос болғанның өмірде бос болғаны жоқ.  

 

дәулетбек байтұрсынұлы
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 75
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 132
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 57
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 46

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 349
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6454
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8163
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6534
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6670