«Балақайлар мектебі» жұмысын бастады

«Балақайлар мектебі» жұмысын бастады

Оралда алдағы оқу жылында жеті мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа барады.

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталғаны белгілі. Орал қаласы бойынша 1- сыныпқа 6936 оқушы қабылданған. Нәтижесінде, бұл көрсеткіш өткен жылғы балалар санынан 600-ге көбейгені байқалған. Сонымен қатар ата-аналарының және заңды өкілдерінің өтінішіне сәйкес, қабылданған оқушылардың  65 пайызының, яғни 4484 баланың  қазақ сыныптарында, 2452 бүлдіршіннің орыс сыныптарында білім алатыны белгілі болған. 

– Қазіргі уақытта қаланың барлық мектептерінде «Балақайлар мектебі» жұмысын бастады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушыларға арналған дайындық курсының мақсаты – оларды мектеп өміріне бейімдеу. «Балақайлар мектебінің» көмегімен балалар ойын түріндегі негізгі дағдыларды игеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Мұндағы сабақтар жадыны, моториканы дамытуға және сөйлеуді, жазуды, сурет салуды үйретуге бағытталған, – деді білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы Э.Нұғманова. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
09.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1599
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7634
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11514
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7676
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7833