Бас қалада күрделі ота сәтті жасалды

Бас қалада күрделі ота  сәтті жасалды

Қазіргі таңда Астана қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерінің саны да, сапасы да артып келе жатыр. Жақында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың журналистер алдында сөйлеген сөзінде Астана қаласындағы емдеу мекемелерінде мамандардың жеткілікті екендігін айтқан еді. Оның сөзіне қарағанда, елордамызда ұзын саны 12000-ға жуық медицина қызметкерлері жұмыс істепті. Оның 3500-ден астамы дәрігер екен. 

«Қазіргі уақытта 83 дәрігер маманы тапшы. Бұл – негізінен учаскелік дәрігерлер. Кадрлардың ауысуы әртүрлі себептермен жүреді. Мысалы, жас маман-әйелдер отбасын құрып, декреттік демалысқа кетеді, тағы бірі басқа мамандықтарға қайта даярланып, бағытын өзгертеді, кейбір дәрігерлер әртүрлі жағдайларда басқа қалаларға, елдерге көшеді, осылайша дәрігер кадрларының жетіспеушілігі қалыптасады. Әрине, басты себептердің бірі – физикалық және психоэмоционалды жоғары жұмыс», – деді Әлия Рүстемова. Басқарма басшысы бұдан ары сала мамандары туралы біраз деректермен бөлісті. 

«Өткен жылы дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсті. Алайда, бұл мотивация да жеткіліксіз. Халық та денсаулық сақтау саласының мамандарына қамқорлық жасауы қажет. Бұл жерде ортақ жауапкершілік болуы тиіс. Қазір денсаулық сақтау басқармасы мамандарды жыл сайын жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқытады. Оған жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 200 млн теңге бөлінеді. Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен резидентураға 131 грант бөлінді. Сонымен қатар, өткен жылдары резидентураны аяқтап, ведомстволық бағынысты ұйымдарға 246 резидент жұмысқа орналастырылды. Мұның бәрі елордалық медициналық ұйымдарда дәрігерлік кадрлар бойынша тапшылықты іс жүзінде жабуға мүмкіндік берді», – деді Әлия Рүстемова.

Мемлекет тарапынан жасалып отырған осындай қамқорлықтың арқасында астаналық дәрігерлер кейбір күрделі науқастарды отандық медицинаның көмегімен емдеп сауықтырып жатыр. Мысалы 2024 жылы қаңтар-сәуір аралығында МӘМС бойынша Ұлттық нейрохирургия орталығында 745 күрделі операция жасалған екен. Соның ішінде жақында болған мына жағдай елді елең еткізген жаңалықтардың бірі болды. Астанадағы ҰКО ми патологиясы бөлімшесінің нейрохирургтары пациентке алып менингиоманы – бас сүйегінің негізіне өскен ми қабығының ісігін алып тастады.  Бұл туралы ең алдымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы хабарлады. 

«Ісіктің үлкен болғаны соншалық, 52 жастағы ер адамның сол жағындағы фронтопариетальды аймақта басында үлкен эпифиз пайда болды. Ол үнемі бас ауруы, бас айналу, қан қысымының жоғарылауы, төменгі аяқтардағы сезімталдықтың төмендеуі, құлақтың шуылы және әлсіздіктен зардап шекті. Ісік мөлшері 85*60*55 мм жетті.

Ми патологиясы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиевтің айтуынша, менингиома МРТ-дан кейін анықталды, ер адам ҰТО-ға жедел емделуге жіберілді. Науқасқа нейронавигация мен аппараттық реинфузияны қолдана отырып, сол жақтағы интракраниальды өсу арқылы фронто-париетальды аймақтың менингиомасын микрохирургиялық алып тастау жүргізілді. Операция 5 сағатқа созылды. Ісік толығымен жойылды. Мұндай араласулар кезінде қолайлы нәтижеге тек заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда, мамандардың қатысуымен қол жеткізуге болады», – дейді аталмыш орталықтың ақпарат қызметі. Операция МӘМС аясында квота бойынша тегін жасалған. Ісікті алып тастағаннан кейін науқастың қан қысымы қалыпқа келіп, денсаулығы бірден жақсара бастаған.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1157
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7205
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11066
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7270
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7417