Басты мақсат – жас спортшылар қатарын көбейту

Басты мақсат – жас спортшылар қатарын көбейту

Орал қаласында биылғы «Балалар жылының» өз деңгейінде өтуіне көптеген мекеме-ұйымдар атсалысуда. Солардың бірі – қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Аталмыш бөлімнің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, балалардың мерекелі жылына орай арнайы жоспар жасақталған. Жыл басынан бері осы жоспар аясында спорттың әрбір түрі бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. 

– Біздің жұмысымыздың бір бағыты жастардың бос уақытында спортпен шұғылдануынасалауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатын көздейді. Қаламыздажыл басынан бері спорттың 120 түрі бойынша күнтізбелік жоспарға сай жас ерекшеліктері бойынша чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, турнирлер ұйымдастырылуда. Барлық спорттық іс-шаралар қаланың спорттық обьектілерінде өтуде. Жалпы облыс орталығында «спортшы боламын, жеңіске жетіп, ел намысын одан әрі биіктетемін» дейтін кез келген жасқа спортпен шұғылдануға болатын көптеген орталықтар жұмыс жасайды, – деді Артур Мұратұлы. 

Жарыстардан бөлек кәмелетке толмаған жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланатын дөңгелек үстелдер,  семинарлар ұйымдастырылады. Жазғы спорттықойындарды дамыту бағытында «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» «Атамекен» жастар туризмі және экология орталығымен, «Самал» туристік лагерімен, «Дарын»қосымша білім беру орталығымен, «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенімен, «SMARUM» интеллект дамыту мектебімен бірлесе жұмыстанады

«Балалар жылына» орайластырылған іс-шаралардың бір легі жеткіншектердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатын көздейді. Айталық, халықаралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында байдарка мен каноэ есуден 2006, 2007, 2008 жылы туған және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында Орал қаласының біріншілігі, грек-рим күресінен қала біріншілігі, «Тайбурыл» тай бәйгесінен Орал қаласының тұңғыш ашық біріншілігі өткен«Kids Run-2022» атты балалар жүгірісі де 600-дей адамның қатысуымен жоғары деңгейде өткізілген. Сонымен қатар бадминтоннан «Шоколад ракеткасы» атты балалар турнирінешахматтан қалалық турниргекаратэден әкім кубогы сарапқа салынған қалааралық турнирге2010-2012 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы бадминтоннан «Орал толқыны» атты қалааралық турнирге де балғын спортшылар белсене қатысқан. Осындай көптеген спорттық жарыстар шілде, тамыз айларында да жалғасады.

Оралдағы әрбір спорт мекемесінде және аулалардағы спорттық алаңдарда балаларға жыл бойы спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік бередіСонымен қатар жыл санап көркейген әсем шаһарда спорт алаңдарының да саны артуда. Бөлім басшысы атап өткендей, бүгінгі күні дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Орал» спорт клубының теңгерімінде қала бойынша 42 спорт алаңы жұмыс жасайдыОлардың барлығына қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай жаңа спорт алаңы салтанатты түрде ашылса, тағы да 10 спорттық алаң қолданысқа берілді. – Қаланы дамыту бағдарламасының басты индикаторы – спортпен айналысатын жастардың қатарын жыл сайын ұлғайту болып табылады.  Сондықтан спортшы жастардың санын көбейту мақсатындағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі, – деді Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Шерғалиев.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
06.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 871
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6940
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10781
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7013
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7152