Белгілі дінтанушы Оралда болды

Белгілі дінтанушы Оралда болды

Жуырда Орал қаласына республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы келді. 

Дінтанушының бұл екікүндік сапарының мақсаты – «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясындағы іс-шараларға қатысу. Шараны Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 Діни негізде радикалдық идеологияға ұшырауға бейім адамдар және жастар арасында экстремизм мен терроризм идеяларын қажет етпейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді көздеген шаралар негізінде бас бостандығынан айырылған азаматтармен, өңіріміздегі теолог мамандармен және жас спортшылармен кездесулер өткізілді. Жұмыс күнінің соңында дінтанушы Орал облыстық орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Адамгершілік құндылықтар және дін»  тақырыбында әңгіме қозғады. Сонымен қатар облыс орталығындағы «Жастар мәдениет үйінде» тұрғындармен өткен басқосуға қатысып, «Дін және дәстүр» тақырыбын талқылады. Кейін Орал медресе колледжінің шәкірттеріне арнап «Діни сауаттылық және рухани тәрбиенің маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
30.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 859
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6929
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10767
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7001
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7140