«Біз Тәуелсіз елміз»

«Біз Тәуелсіз елміз»

16 желтоқсан күні Жамбыл аудандық мәдениет үйінің көрермен залында 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Біз Тәуелсіз елміз» атты театрландырылған көрініс әлеуметтік желі арқылы көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар көріністен соң Аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ән шашуларын тарту етті.

Ханның да, қараның да рухани өзегі болған Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас темірқазығы. Азаттықтың арайлы таңы – бұл тәу етер киеміз.

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Талғат Шәриұлы қатысты. Жиында Талғат Шәриұлы бірқатар азаматқа мерекелік медалдар табыс етті.

Сондай-ақ түрлі сала бойынша жыл үздіктері марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.

Ал осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылқайнар мен Бектөбе ауылдарында тұрғындарға үй салуға жер телімі берілді.

Ауыл азаматтарының көптен бері есептік кездесулер мен қабылдауларда көтеріп жүрген мәселесі облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тікелей тапсырмасымен осылайша өз шешімін тауып отыр.

Жер телімінде барлық инфроқұрылымдық-инженерлік желілер жүргізілген. Ауылдағы ағайын сол берілген жер теліміне қарашаңырақтың іргесін қалайтынына сенімдіміз.

Жасұлан СЕЙІЛХАН
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 83
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 77
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 84
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 58
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 30

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1307
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7350
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11217
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7404
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7557