БҚО-да тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетілуде

БҚО-да тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетілуде

Батыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерін қарғын су басып, көптеген отбасылар зардап шеккені белгілі. Сонымен қатар тасқын қаупі әлі сейілмегендіктен, тұрғындар әлі де эвакуациялануда.

Осыған байланысты тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетілуде. Осы мақсатта БҚО Азаматтық Альянсының бастамасымен гуманитарлық көмек жинау штабы ашылды. Аталмыш ұйымның президенті Аслан Тәпішевтің айтуынша, қазіргі таңда гуманитарлық көмек төтенше жағдай жарияланған Орал қаласы мен Сырым, Қазталов, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі аудандарына жеткізілген.  Зардап шеккен адамдарға не қажет екенін анықтау мақсатында  арнайы инстаграм парақшасы мен CALL-центр ашылды. Қазіргі таңда ел халқы табиғи апаттан зардап шеккен отандастарына жан-жақты қолдау көрсетіп, ауызбіршілік танытуда. Тіпті бауырлас қырғыз елінің халқы да қиын кезде көмек қолын созуға әзір екенін көрсетті. Су тасқынына байланысты қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге алғашқы гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған игі бастаманы өңірімізге белгілі кәсіпкерлер, ірі компаниялар, қала тұрғындары  қолдауда. Сонымен қатар, партия мүшелері, облыстық маслихат депутаттары,  этно-мәдени бірлестік, қоғамдық ұйымдар, жастар ресурстық орталықтарының  өкілдері атсалысуда, – дейді Аслан Нұрланұлы.  

 

 

Жалпы, су тасқыны басталғалы зардап шеккен халыққа 256 тонна гуманитарлық  көмек көрсетіліпті. Сондай-ақ Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жіберген 10 тонна гуманитарлық көмек «АirAstana» әуе компаниясының бортымен өңірге жеткізілуде. Оған қоса Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысынан және бауырлас қырғыз елі жиған көмек те жолда келе жатқаны мәлім болды.

Тағы бір айта кетерлігі, БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың ұл-қыздары республикалық лагерьлерге жіберілетінін жеткізді. Яғни, барлығы 185 бала осы сәуір айында Алматы облысындағы «Тау Жанашар» сауықтыру лагерінде, Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығында, Қызыорда облысындағы «Қамбаш» сауықтыру орталығында демалатын болады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

08.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 44
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 45
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 33

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1577
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7612
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11490
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7655
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7815