«БҰЛ БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫС»,- САРАПШЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

«БҰЛ БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫС»,- САРАПШЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, жаһандық жылыну дүниежүзі бойынша табиғи апаттарға әкелуде. Жер бетінің орташа температурасы көтерілген сайын мұхиттардың булануы күшейіп, циклондардың бағыты өзгерген.  

 

«Еліміздегі су тасқыны - табиғаттың өзгеруімен тікелей байланысты. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан құбылыс. Мәселен, Сауд Арабиясында бұрын-сонды болмаған бұршақ жауып, қар түсті. Басқа да елдерде су тасқыны болып, табиғи катаклизмдер жиілеуде. Бұдан бөлек, әр 11 жылда өзгеріп келетін «күн циклі» бар. Күннің күрт жылынуы мен құрғақшылыққа әкелетін аптап ыстық осымен де байланысты»,- деді ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімов.

 

Сондай-ақ, сарапшы өткен күзде елімізде жаңбыр көп жауғанын айтады. Осыған байланысы топырақтағы ылғал сіңіп үлгермеген. Сөзіңше, еліміздің оңтүстігінде жердің беті 1,5 метрге дейін, солтүстікте 2,5 метрге дейін қатқан. Салдарынан ерген қар суы жерге сіңбей, жердің бетімен кетіп жатыр.

02.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 44
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 45
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 33

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1577
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7612
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11490
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7655
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7815