ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарапхана ауыл округі Майлыошақ елді мекенінде орналасқан «Асыл бастау KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «AQUA THE BEST» ауыз су өндірісін кеңейту жұмыстарымен танысты. Бұл кәсіпкерлік нысан 2020 жылы құрылып, бүгінде «AQUA THE BEST» ауыз су дайын өнім түрін өндіреді.
Су шығару цехының жер көлемі – 2 гектар, жылына 1500 тонна су өндіре алады. Жалпы жұмысшылар саны 15 адам болса, орташа айлық жалақысы 130 000 теңгені құрайды.
Түркістан облысының әкімі кәсіпкердің қадамына оң баға беріп, тұрғындардың сұранысына сай жұмыс атқару керек екеніне тоқталды.
Серіктестік басшылығы кәсіпкерлік саласында кездескен қиындықтарын, тауарлы сүт фермасынын осыдан 4 жыл бұрын уақытша жабуға тура келгенін айтты. Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіретін зауыт жұмысын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс басшысы жауаптыларға мемлекеттік қолдау тетігін қарастыруды тапсырды.
Іссапар соңында Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне өндіріс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, жұмыс орындарын көбейту жөнінде тапсырмалар берді. Бұл жұмыстар, индикаторлар қатаң бақылауға алынады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ДИМАШ "ƏНШІ ЕМЕС", ОҒАН АТАҚТЫҢ ДА    КЕРЕГІ  ЖОҚ!
Аймұханбет Бейсембеков - Шəкірім атындағы университетінің профессоры. 18.04.2019 Қарағайлы. - 17.05.2024 22
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 72
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 40
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 31
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 35

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1522
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7558
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11435
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7598
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7757