ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ БАСЫМ АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ БАСЫМ  АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ
 
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Сауран ауданындағы су басу қаупі басым аймақтарды аралап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сырдария өзенінің ағысындағы елді мекендердің тұрғындарымен жүздесті.
Түркістан облысы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды. Үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жаңбыр суын сору жұмыстарын жалғастыруда. Жолындағы жайпап өтетін “қызыл судан” қорғану үшін бөгеттер қойылып, су арналары қауіпсіз аймаққа ауыстырылып жатыр. Құрал-жабдықтар мен инертті материалдар ретке келтірілген. Маман да арнайы техника да жеткілікті.
Жағдай тұрақты болғандықтан қауіпті учаскелер жауапты қызметкерлер мен құзыретті органдардың жіті бақылауында. Тасқын кезінде халықты шұғыл эвакуациялауға арналған орын дайын.
Мамандар облыстың барлық аймағында наурыз айында түсетін жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болады деп ескертеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 26
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 113
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 114
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 117
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 88

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1330
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7375
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11243
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7427
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7581