Елдегі еленген жандар

Елдегі еленген жандар

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Тәуелсіздік мерекесіне орай облыстың дамуына айрақша еңбек сіңірген азаматтармен кездесіп, мемлекеттік наградалармен марапаттады. 

Бұл – еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне орай ел ағаларына жасалған зор құрмет. Себебі бұл кісілер бар ғұмырын еліміздің дамуы мен өркендеуіне арнаған тұлғалар. Яғни 30 жыл ішінде қандай жетістікке жетсек, соның барлығы осы азаматтардың қолымен жасалып отыр. 

– Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап өзінің адал әрі қажырлы еңбегімен мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдар бар. Ең бастысы, сіздер бұл қызметті Отанға деген сүйіспеншілікпен атқардыңыздар. Ерен еңбектеріңіз бен туған жерге деген шексіз махаббаттарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы. 

Тәуелсіздік күніне орай Павлодар облысының 60 тұрғыны мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еңбек ардагері және Құрметті теміржолшы Әби Сарқыншақов «Парасат» орденімен, ардагер ұстаз Мауытхан Оралжан  «Құрмет» орденімен марапатталды. Өңірлік қоғамдық кеңестің хатшысы Хелуа Кашкенова мен №1 Павлодар қалалық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Махмұд Махмұдовқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Сондай-ақ конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлнәз Раздықова «Шапағат» медалімен марапатталса, Қоғам қайраткері Тито Сыздықов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды. Сонымен бірге Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталары Нұрлан Нәбиев, Николай Чмых, Александр Рюмкин, Александр Вербнякқа сынды азаматтарға табысталды.

23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 16
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 90
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 90
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 92
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 64

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1312
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7355
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11223
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7409
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7562