Елімізде маска режимі қайта енгізіледі

Елімізде маска режимі қайта енгізіледі
 
Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова тиісті қаулы қабылдады.
2024 жылғы 8 ақпанда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан халқы арасында инфекциялық аурулардың (қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да респираторлық вирустық аурулар) таралуының алдын алу мақсатында медициналық мекемелерде персонал мен емделушілерге маска режимін енгізуді қаулы етемін. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына, аумақтық департамент басшыларына осы шараларды қолға алуды тапсырамын, - делінген құжатта.

Сонымен қатар құжатқа сәйкес адам көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда әуежайда, теміржол вокзалдарында, сапаржайларда, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде маска тағу ұсынылады.

Бұдан бөлек қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі.

Осы қаулының іске асырылуын өзім қадағалаймын. Ол қабылданғаннан күннен бастап әрекет етеді, - деді Есмағамбетова.

BAQ.KZ.
10.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА 10 МЫҢ ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 65
САЙРАМДА  «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 33
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1428
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7469
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11347
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7518
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7674