«Көсемәлінің көркем әлемі»

«Көсемәлінің көркем әлемі»

      Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешеніндегі көркемсурет галереясында Әулиеата өңірінде дүниеге келген  жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Жазушымен бір күн» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысымен марапатталған талантты жазушы, қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас мерейтойына орай «Көсемәлінің көркем әлемі» шығамашылық кеші өтті.

      Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің біртуар азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген мерейтой иесін құттықтауға  өңірдің қадірменді қариялары мен ел ағалары, зиялы қауым өкілдері мен арқалы ақындар және Республика мен облысқа танымал өнер саңылақтары жиналды.

     Кеште өмірі қара сөзбен өріліп, шығармалары тәрбиеге төгіліп тұратын, бүгінде ел ағасына айналған, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің марқасқаларының дуалы аузына, уәлі сөзіне ілінген Көсемәлі Сәттібайұлының өмірлік және шығармашылық жолдардыры, қаламгердің қазақ әдебиеті мен  журналистикасына сіңірген еңбегі жайында сыр шертілді.

Кешті К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның әртістері, Мәдениет саласының үздіктері Мадина Сағынбекова, Құрмаш Қуанышбаев, Жақсылық  Тілеубеков, Нұргүл Абдрашова әсем әндерімен көмкерді.

 

 

Жамбыл облысы
01.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 26
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 34
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 28

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1189
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7236
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11100
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7300
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7445