Күй күмбірлеген күн

Күй күмбірлеген күн

 

    Бүгін оралдық оқушылар  ұлттық бағыттағы республикалық челленджге үн қосты. 

    Яғни,  Орал қаласындағы  білім беру ұйымдарында Наурыз мерекесіне арналған күй шерту акциясы ұйымдастырылды. 

Қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  республикалық акция аясында  ұйымдастырылған челленджге оқушылар ғана емес, педагогтер мен ата-аналар да атсалысты. 

    «Барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін мерекелік атмосфера құру, әр тұлғаның өз еліне, Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік берген бұл шараға қала бойынша жалпы 4000-ға жуық домбырашы қатысты. Олардың 2500-і оқушы, 700-ден астамы оқытушы және 700-ден аса ата-ана бар. Ұлттық үлгіде киінген домбырашылар қазақ халқының қонақжайлылығын танытатын Құрманғазының «Балбырауынын», барша қазақ қыздарының болмысы мен образдарын бейнелейтін Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқымын» және  туған жерге, байтақ далаға деген сүйіспеншілікті, бүкіл қазақ халқының бостандыққа деген ұмтылысын білдіретін Құрманғазының «Сарыарқа» күйлерін орындады» деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
17.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 871
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6940
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10781
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7013
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7152