«Менің Отаным – Қазақстан!»

«Менің Отаным – Қазақстан!»

деп қазақпен бірге әрбір этнос өкілі жүрекпен сезінсе, ынтымақ та, береке де болады

Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. ХХ ғасырдың 30-жылдары мен 50-жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі болды.

Алдымен ол ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да болатын. 

Қазақстандықтар тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргінінен айналып өткен жоқ. Қазақ халқының соғысқа дейінгі жылдарда демографиялық үлкен шығынға ұшыратуын жер аударылған халықтардың шоғырлануымен толықтырды. Кеңестік жүйе тұсында қуғын-сүргін бірнеше сатыдан өтті. Ол патшалық Ресей тұсындағы Сібірге жер аудару, каторгаға жіберу сияқты тәжірибені ұтымды пайдаланды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Мұның өзі соғыс жағдайында ел экономикасына әсерін тигізген ауыр да күрделі саяси мәселе болды. 

Кезінде Бүкілодақтық Атқару Комитетінің қаулысында қоныс аударудың белгілі себептері көрсетілген. Онда Кеңес Одағымен Одақтас Республикалардың Қылмысты істер кодексінде, өзінің жасаған қылмысына қарай, әсіресе нағыз қауіпті қылмыскер деп танылған азаматтарды соттың шешімімен Одақтас Республикалар аумағынан алысқа айдауға немесе басқа жерлерге көшіру керектігі айтылған. Бұл кейіннен азаматтар қылмыс жасамаса да, қауіпті қылмыскер деп аталуына байланысты өзгертілген. Біртіндеп осы саясат жеке этностар мен тұтастай ұлттарға бағытталды. Кеңес өкіметінің күштеп қоныс аудару саясатына алдымен Қиыр Шығысты мекендейтін кәрістер ілікті. Жапон өкіметі қауіптеніп, шекара маңындағы кәрістерге сенбей, елдің ішіне қарай көшірсе, Кеңес үкіметі де жапон армиясы жасырын қызмет атқарулары мүмкін деген күдікпен кеңестік кәрістерді жер аударды. Содан кейін Әзірбайжан, Армян республикаларынан шекараға жақын орналастырылған күрд, армян, парсы, түрік халықтарының кейбір өкілдері және Қырым татарлары Қазақстанға күшпен әкелінді. 

Соғыс жылдары КСРО-да 1,4 миллиондай неміс ұлтының азаматтары тұрған. Кейіннен соғыс басталғаннан кейін бұл этнос жан-жақтарға күштеп таратылды және неміс автономиясы жойылды, Қазақстанға немістердің 470 мың адамы қоныс аударылды. Мұндай шаралар басқа да депортацияланған Кеңес халықтарына жүргізілді. Қаулыда бұрынғы Неміс республикасының административтік территориялық құрылымы мен облыстарды жою заңы шықты. Олардың қатарында қарашай, қалмақ, шешен-ингуш, кабардин-балқар автономияларының тағдыры жатты. 

Қазақстанға күштеп көшіру туралы Д.А.Қонаев өзінің «Өтті дәурен осылай» (1992) атты кітабында да жазды. Соғыстан кейінгі жылдары негізінен оларды еңбекке пайдалануға байланысты адам санындағы өзгерістері көп болды. Онда оларды лек-легімен басқа республикаларға жіберді немесе басқа республикалардан қабылдап алып отырды. Себебі, соғыстың соңғы жылдарында тек Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қара теңіз жағалауынан 700 мыңнан астам жер аударылғандарды орналастыру қиын болды. Оларға тұрғын үй жетіспеді. Олардың жаңа жерге бейімделе алмауынан жұмысқа орналасуларында да көп қиыншылықтар туды. 

Алайда олардың келген кездегі әр ай сайын тіркеліп отырған құжаттарында жаңадан қосылғандар мен басқа жерге ауыстырылғандар, туылғандар мен өлгендер, әскерден және әскери ауруханадан оралғандар, ажырап қалған отбасылардың қайта қосылуы, отбасыларын екіге бөлу сияқты өзгерістерге байланысты да нақтылық болмады. 

Бұндай мәселелер жақын арада өз шешімін таппады, сондай-ақ соғыстан еңсесін әлі көтере қоймаған елдегі жағдайлардан жер аударылғандардың тұрмыс-тіршілігі біраз уақытқа дейін жақсара қоймады. Ең негізгісі баспана мәселесіндегі қиыншылықтар бір төбе. 

Десек те, жергілікті халықтар күштеп көшірілген халықтардың ауыр жағдайларына да көңіл бөле білді. Келген жерлерінде қазақтар бір баспанаға екі-үш отбасынан кіргізіп сығылыстыра өмір сүрді. Бір кесе айранымен бөлісіп, ас-ауқатын алдына тосты. Сөйтіп олармен бірге жергілікті тұрғындардың тұрмыстық тіршіліктері де қысылса да көмектерін аямады. 

Соғыстан кейінгі жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының алыс аудандарына тұрғылықты түрде қоныс аударылғандардың келген жерлерінен қашып кетудегі қылмыстық жауапкершілігі» туралы жарлығы шығады. Онда КСРО-ның алыс жерлеріне қоныс аударылған шешендердің, ингуштердің, балқарлардың, қалмақтардың, немістердің, Қырым татарларының мерзімі көрсетілмеген, олар барған жерлерінен енді қайтпайды, түпкілікті қалады» делінген.  Осы аталған қаулыларда күштеп қоныстанған халықты қашып кетпеулеріне және тұрақты қалдыруға байланысты барынша айла-тәсілдер, іс-шаралар, үгіт-насихаттар ойластырылып, түрлі заңдар, қаулылар, жариялылықтар қабылданды. Одан кейін тағы он шақты жылдарды артқа салып барып шектеулері алынып, бұрынғы елді мекендеріне оралуға мүмкіндік алды. Бірақ, көшіп барғаннан кейін бұрынғы атамекендеріне қайта оралғандар мен сол жерлерді мекендеп алған халықтар арасында қақтығыстар пайда болды. Осыны болдырмау үшін күштеп көшірілген халықтар түпкілікті Қазақстанда тұрақтап қалу мәселесі қаралды. Елдеріне қайтармау үшін әр-түрлі үгіт-насихаттар жүргізіп, жер телімдерін, киім-кешек беріп, керек-жарақтарымен қамтамасыз етіп, мамандық таңдауда оқу орындарына тегін жолдама беріп, курстарға жіберіп, жұмыс орындарында басшылықтарға тағайындап, жыл сайын жұмыс барысымен марапаттап, сыйақылар тағайындады. Бұрынғы тұрған жерлерінде қолда бар малдарын өткізіп кеткен жер аударылғандарға өкімет арнайы қаржы бөлді және жекеменшікке мал бөлініп берілді. Сөйтіп, олардың біржолата кетпей қалуына толық мүмкіндік жасады. 

Орналастыру тек жер аударылғандармен ғана шектеліп қалған жоқ. 1954 жылы ақпан-наурыз пленумының шешіміне «Тың және тыңайған жерлерді игеруге» сәйкес 1955 жылы халық шаруашылығы жоспары бойынша Ресей облыстарынан, Украина, Белоруссия және Молдавиядан колхоздарға жаңа жерлерге 18 000 отбасы көшіп келді. Бұдан кейін 1960 ж. «Тракторшы комсомол бригадаларын құрдық. Сендерді Қазақстан, Сібір, Алтай тосып отыр!» («Комсомольская правда». 01.05.1960) деп үндеу тастап, сол арқылы да көшіп келгендер жетерлік болды. Міне, осындай аласапыран орналастыру «науқаны» үздіксіз жүргізілді.

Осыншама халықты тұрғын үй және жұмыспен қамту ауылшаруашылық қаржысының жетімсіздігінен шеше қою да оңай емес еді. Бір мезгілде барлық келген халықтарды бірден келген жерлерінде керек-жарақтарымен қамтамасыз ету республикамызға ауыртпалық түсірмей қоймады. Өйткені сол кезеңге дейін де қазақ халқының басынан өткерген ауыр тұрмыстық тапшылықтары мен қиыншылықтарды басынан өткізген жайы бар. 

Десек те, республикамыздың әр қалаларына орналастырылған күштеп жер аударылғандардың тұрмыс-тіршіліктерін жақсарту мәселесі мүлдем орындалмай қалған жоқ. Жергілікті тұрғындарға да қажет еткен көмектер жер аударылғандарға беріліп жатты. 

Бүгінгі күндері елімізде екінші Отаны ретінде орнығып қалған жер аударылған халықтар тәуелсіз Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Бірақ оларды мазалайтын ой  атамекені, елінің, жас ұрпақтарының болашағы екенін түйіндейді. Елдеріне оралып, қайта бейімделу үдерісін бастарынан өткізген отбасылар да көп. Олардың араға көп жылдар салып қазақ халқы мен жеріне жүрекжарды алғыстарын көз жастарымен білдіріп жататындары да баршылық. Ел арасындағы достық пен сағыныштарын, қазақтан сіңірген салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын қолданатынын көрсетіп мұхит асып сәлемдеме жолдап немесе арнайы іздеп келіп мауқын басып жататын азаматтары да бар. Олардың басынан өткізген тоталитарлық жүйе салған қасіретті тағдырларын, ұлт ретінде сақтап қалған қазақ халқының жасаған жақсылығын өздерінің келесі ұрпақтарына айтып беріп отыратындарын да жасырмайды.

Осылай халықтар достығы екі жақтан да көп қиыншылықтар мен темірдей төзімді шыңдап барып келген еді. Шындығын айтсақ, қазақ халқының қонақжайлылығы, бауырмалдығы өзара ынтымақтастықтың негізі болғандығы ақиқат. Мұны еліміздегі әрбір этнос өкілі жүрекпен сезінуі тиіс деп ойлаймыз.

 

ҚҰРАЛАЙ ҚОЖАХАНОВА, 

Алматы қаласы 

Музейлер бірлестігі, 

Д. А. Қонаев музейінің 

ғылыми қызметкері, 

тарих ғылымдарының кандидаты

 

26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 66
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 64
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 64
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 43
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 26

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1289
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7335
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11203
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7391
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7542