«НАУРЫЗ ДУМАН» ГАЛА КОНЦЕРТІ ТҮРКІСТАН АСПАНЫН ӘН МЕН КҮЙГЕ БӨЛЕДІ

«НАУРЫЗ ДУМАН» ГАЛА КОНЦЕРТІ ТҮРКІСТАН АСПАНЫН ӘН МЕН КҮЙГЕ БӨЛЕДІ
Ұлыстың ұлы күніне орай Түркістанда «Наурыз думан» гала концерті өтті. «Керуен сарай» кешенінде өткен кеш шымылдығы «Фараб» би ансамблінің «Кербез сылқым» биімен түрілді. Түркі әлемінің мақтанышына айналған «Turan boys» тобы мен Қырғызстаннан келген Дастан Кенчинбаев түркістандықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал «Таңба» мен «Дарын» тобы кеш көркін қыздырды.
Облыстың өнерпаздары, атап айтқанда Дінмұхамед Байқожа мен Дана Махатаева, Аяжан Нұрмаханбет, Әсел Қожанова, Азамат Қалыбаев, Елжас Төре, Мұрат Даниярұлы, Алпысбай Бағнұр, Әкім Шұғыла, Ақгүлім Тәжіғұлова, Ақжүніс Әзидоллақызы, Гүлзина Дөңесқызы, Асыл Жомартов шырқаған патриоттық және халық әндері мен Сәндібек Әбуов орындаған композициялар көпшілік көңілінен шығып жатты.
Айта кетейік, күндіз киелі шаһарда түркі елдерінің өнерпаздарының қатысуымен өткен «Армысың, әз Наурыз!» салтанатты іс-шарасы өткен болатын. Наурыз тойына еліміздің өзге өңірлері мен Түркі елдерінен қонақтар келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
24.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 18
САЙРАМДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.05.2024 30
АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.05.2024 29
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 87
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 64

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1370
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7414
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11284
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7465
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7619