Оң баға берілді

Оң баға берілді

Орал қалалық полиция басқармасы ішкі істер органы ардагерлер кеңесі ағымдағы жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстарды саралады. 

Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. Есеп беру жиынына БҚО Полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Еділхан Жұмашев пен басқарманың ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Алдымен сөз алған басқарманың ардагерлер кеңесінің төрайымы, милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева  облыстық және қалалық  ардагерлер кеңесі арасындағы ынтымақтастық байланысқа тоқталып, нәтижесінде бірқатар мәселелердің күрмеуі шешілгенін атап өтті. Әр уақытта тың идеялар айтып, өз тараптарынан белсенділік танытып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүрген барлық аға буынға шынайы ризашылығын жеткізді. Олардың алдағы жұмыстарына  сәттіліктер тіледі. 

Ардагерлердің тікелей қатысуымен, қолдауыменбірнеше мәдени көпшілік іс-шараҚазақстан Республикасының атаулы күндері мен мерекелері ұйымдастырылған. Бірнеше ардагердің мұқтаждығына орай материалдық көмектер берілген. Денсаулығы нашар, кембағал ардагерлердің үйлеріне кеңес жанынан марапаттаулар мен көмектер жеткізілген. Осы жылы 36 ардагер марапатқа ие болған. Кейбіреулеріне шипажайда ем қабылдауға жолдама берілген. Кеңес төрайымы бұл ретте облыстық ардагерлер кеңесінің басты тірек болғанын айтты.Сонымен қатар барлық спорт түрлеріне атсалысып, жастармен бірге бұқаралық спортты насихаттап жүрген ағаларға да ыстық ықыласын жеткізді. Ардагерлердің білім беру ұйымдарындағы тәрбие сағаттарына, жиналыстарға арнайы барып қатысқандарын мақтанышпен жеткізді

Өз кезегінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еділхан Жұмашев қалалық ардагерлер кеңесінің атқарғанауқымды жұмысына оң баға берді. Мінбеге көтерілген ардагерлердің барлығы замандастарын жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, халықпен жақын болуға шақырды. 

– Ақыл-кеңесін айтудан жалықпаған, жас буынды еңбекке тәрбиелеп, Отанын, елін-жерін сүюге баулып, патриоттық рухтың биік болуы жолында өз үлестерін қосып жүрген ардагерлер кеңесінің жұмысына осылайша оң баға берілді. Өмірлік тәжірибе мен ақылға бай аға буынжастармен ой бөлісіп, бірлесе жұмыстануға әр уақытта дайын екендіктерін байқатты, – дейді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
06.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 327
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6431
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8043
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6510
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6647