Өнімдерді қайта өңдеуге қолдау қажет

Өнімдерді қайта  өңдеуге қолдау қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында қазақстандықтардың алдына үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімдердің үлесін 70 пайызға жеткізу міндетін қойды. Бас құжатта баяндалғандай мемлекет алдағы уақытта ел үшін болашағы зор салаларға, оның ішінде етті, сүтті және астықты терең өңдеуге, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамытуға басымдық беру керек.

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу,  ауыл шаруашылығы кооперативтерін және аумақтарды дамыту, микроқаржыландыру бөлімінің басшысы Бақыт Сейтімбетованың айтуынша, облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 200-ге жуық кәсіпорын тіркелсе, оның 160-ы жұмыс істеп тұр. Оларда 2,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сүтті терең өңдеумен 26 кәсіпорын, етті 44, мақсарыны 4, астықты өңдеумен сегіз кәсіпорын айналысады. Сонымен қатар облыста 62 наубайхана, оның ішінде 44 шағын наубайхана жұмыс істейді. Екі кәсіпорын жүнді, екі кәсіпорын қант қызылшасын, бес кәсіпорын құс етін өңдейді. Облыста бір жұмыртқа, сегіз макарон өндіруші бар.

Облыста ауылшаруашылық қызметінің әртүрлі түрлерімен айналысатын 363 кооператив жұмыс істейді, оның ішінде 32 – көпжылдық шөптер мен дақылдарды өсірумен, 97 – мал шаруашылығы, 234 – егін және мал шаруашылығы. Олардың ішінде 577 жеке кәсіпкер мен және шаруа қожалықтары бар.

Облыста ірі қара мал саны бір жылда 4,2 пайызға – 509,4-тен  530,9 мың басқа дейін, қой – 5,3 пайызға (3,6 мың басқа дейін), жылқы – 7,4 пайызға (185,3 мың басқа дейін) өсті. Негізінен жамбылдықтар қазақтың ақбас тұқымын, сондай-ақ голштейн, герефорд сынды ірі қараларды өсіреді. Мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары бар. Мысалы, ТМД елдерінде асылтұқымды мал сатып алу үшін шамамен 200 мың теңге, Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропадан келетін ірі қара малға орташа есеппен 300 мың теңге төлем қарастырылған.

50-ден 600-ге дейін сауын сиырға есептелген 52 сүт фермасы бар. Ағымдағы жылдың наурыз айында облыста 54239,1 тонна сүт өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайызға артық. Жалпы өңірде жылдық қуаттылығы 82,6 мың тонна сүт өнімдерін терең өңдейтін 26 кәсіпорын жұмыс істейді. Үш айда мал шаруашылығы иелері 14,8 мың тонна сүт алған. 426 тонна сары май өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 156,6 пайызға, қатты ірімшік 1377 тоннаға, 2023 жылдың үш айымен салыстырғанда 192,2 пайызға, өңделген сұйық сүт пен кілегей 5,3 мың тоннаға, 129,2 пайызға артық.

– Бірлесіп жұмыс істегісі келген ауыл тұрғындары кооперативтерге бірігеді. Шоғырландыру өндірістің рентабельділігін арттыруға, сонымен бірге мемлекеттік қолдауға ие болуға мүмкіндік береді. Қазіргі субсидиялау бағдарламасы бойынша сүт өңдейтін кәсіпорынға тапсырылған сүттің әр литрі үшін кооперативтерге 20 теңгеден төленеді, – деп түсіндірді Б.Сейтімбетова.

Ол өткен жылы кооперативтерге 1,4 миллион теңге (республикалық бюджеттен – 349 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 миллион теңге) субсидия алғанын айтты. Ағымдағы жылдың соңына дейін 857 миллион теңге субсидия бөлінсе, бүгінгі таңда 455,2 миллион теңге игерілді.

Облыста құс шаруашылығы саласында екі ірі ет өндіретін кәсіпорын бар. Байзақ ауданындағы «Әулие-ата Феникс» ЖШС-ның жалпы жылдық өнімділігі сегіз мың тоннаны, «Алел Агро» АҚ бес мың тоннаны құрайды. Жамбыл облысында орналасқан «Аса-Даму» ЖШС тауық жұмыртқасын өндіруге маманданған. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 55-60 миллион.

Облыста астық өңдейтін сегіз кәсіпорын бар. Жыл басынан бері олар 1,9 миллион тонна ұн өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,3 пайызға артық межеге жеткен. Өңдеу кәсіпорындары 0,4 мың тонна өсімдік майын (101,4 пайызға артық), 0,8 мың тонна макарон өнімдерін (92,2 пайызға аз) өндірген.

Биылғы жылы ет өндіру 27,4 мың тоннаны құраған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға артық. Оның 4,4 мың тоннасы ішкі тұтынуға жұмсалса, 1,9 мың тоннасы өңделген. Мәселен, кәсіпорындардың жүктемесі сегіз пайызды құрап, өндірілген өнімнің 6,9 пайызы өңделген.

Бақыт Сейтімбетованың айтуынша, салада түйткілді мәселелер баршылық. Атап айтқанда, өңірде қайта өңдеу кәсіпорындары жеткіліксіз. «Жыл сайын жергілікті көкөніс өсірушілер өз өнімдерін өткізуде қиындықтарға тап болады, сондықтан қазір барлық күш көкөніс өңдеу кәсіпорындарын ұйымдастыруға жұмылдырылуы керек. Олар әсіресе Байзақ, Жамбыл, Шу және Қордай аудандарында қажет», – деді ол.

Ал Талас, Сарысу, Мойынқұм, Шу өңірлерінде қымыз бен шұбат үлкен көлемде өндіріледі. Бірақ жаппай өндіру үшін сүт өңдейтін зауыттар қажет. Сонымен қатар Мойынқұм ауданында балық өңдейтін кәсіпорындар ашу қажет. Б.Сейтімбетованың айтуынша, бұл бағыттың экономикалық тұрғыдан келешегі зор. Шағын балық шаруашылықтары қазірдің өзінде жергілікті базарларда ысталған балық сатуда.

– Үлкен өндірістік қуатқа ие болып, өңдеуші кәсіпорын ашу үшін инвестор табу керек. Ал шикізатпен қамтамасыз ету үшін балық шаруашылығы бірігуі керек, – дейді Б.Сейтімбетова. Оның пікірінше, өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті зор, бірақ облыс оны толық пайдалана алмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру және оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Осылайша, Бақыт Сейтімбетова республика көлемінде табиғи емес шикізаттан жасалған өнімдерді сатуды шектеуді ұсынып отыр. Ол үшін «Сауда туралы», «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңдарға өзгерістер мен Кәсіпкерлік кодекске бірқатар түзетулер енгізу қажет.

– Қайталап айтамын, облыста 160 өңдеуші кәсіпорын бар. Жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарына жеңілдетілген пайызбен несие беріп, белгілі бір мерзімге салықтан босату, электр энергиясы мен газ тарифтерін төмендету арқылы қолдау көрсету маңызды. Бұл олардың өндірістік қуатын ұстап тұруға, тауар өткізетін нарықты бағындыруға, экспортты ұлғайтуға және тұрақты түрде тауар жеткізіп тұратын нүктелерді көбейтуге мүмкіндік алуы үшін қажет. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге несиелендіру қолжетімді болуы керек. Шаруалармен кездесуде қаржы ұйымдарының ауылдағы жылжымайтын мүлікті нарық бағасының жартысына тең кепілге алатынына шағымданатындар аз емес. Сол себепті де өңдеуші кәсіпорынды іске қосу үшін шаруаларға берілетін несие көлемі жеткіліксіз, – дейді Б.Сейтімбетова.

Бөлім басшысы бұл шараларды жүзеге асыру арқылы бір мезгілде өнім сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қалыптастыру, ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыру, экспорттық әлеуетті ұлғайту, тұрақты кіріс көзін құру, ауыл тұрғындарына және фермерлерге және шағын шаруа қожалықтарына тиімді бағамен өнімді сатуды ұйымдастыру сынды бірнеше мәселені шешуге болатынына сенімді.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 46
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 52
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 26
ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 30
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1279
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7324
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11193
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7382
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7531