Оңтүстік өңірдегі университеттер шынайы жанашырлықтарын білдірді

Оңтүстік өңірдегі университеттер шынайы жанашырлықтарын білдірді

 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық және Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университеттеріндегі эвакуациялық пункттерге Шымкент қаласындағы бес жоғары оқу орнының атынан гуманитарлық көмек жеткізілді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы университет, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетіОрталық Азия инновациялық университетіШымкент университеті бірлесіп, төтенше жағдай орын алған Орал қаласына көмек көрсетуді ұйғарған. 18 сәуірде жолға шыққан бес жүк көлігі екі тәуліктен аса жол жүріп, сәуірдің 20-сы күні Ақ Жайық жеріне жетті. Гуманитарлық көмекті бастап келген әр университеттің өкілдері оңтүстік жұртшылығының, шымкенттік білім ордаларының оқытушылары мен қызметкерлерінің, білім алушыларының жанашырлық ыстық тілегін қоса жеткізді.

 


Батысқазақстандық қос жоғары оқу орнының басшылығы әріптестерін қарсылап алып, сын сағатта қолұшын созған ұжымдарға ризашылықтарын білдірді. 

– Халқымызда «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген сөз бар. Бүгінде еліміздің бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірі де бұл жағдайға бей-жай қарамай, қиын-қыстау кезеңнің соңы жақсылыққа ұлассын деп тілеп отыр. «Бес саусақ біріксе, жұдырық болады, бес өзен біріксе теңіз болады» дегендей, сол ниетіміздің белгісі ретінде Шымкент қаласындағы бес университеттің аманатын арқалап Орал қаласына келдік, – деді Жұмабек Тәшенев атындағы университет проректоры Ғалымжан Битұрсын. 

Салмағы 50 тонна, жалпы құны 25 миллион болатын гуманитарлық көмек су бөгеуге қажетті құрал-саймандардан, көрпе-төсек жиынтығынан, азық-түлік пен гигиеналық заттардан және сәбилерге қажетті дүниелерден құралған. Үш жүк көлігіндегі заттар Жәңгір хан университетіне түсірілсе, қалған екі жүк көлігі Махамбет университетін бетке алып жүріп кетті. 

Шымкенттік университеттердің өкілдері су тасқыны орын алған аумақтарды аралап, өзен арналарын биіктету, су бөгеу жұмыстарына өз үлестерін қоспақ ниетте. Сонымен қатар тасқынның беті қайтқан соң профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер жасағын әкеліп, батысқазақстандықтарға тасқынның орнын қайта қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуге уәде берді. 

Еске сала кетсек, Оралдағы Жәңгір хан және Махамбет университеттерінің студенттер үйіндегі эвакуациялық орындарға тасқыннан зардап шеккен 1130 адам орналастырылды. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

БҚО Орал қаласы

 

 

 

17.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 43
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 45
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 33

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1577
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7612
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11490
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7655
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7815