Оқушы қыз лотореядан 36 млн АҚШ долларын ұтып алды

Оқушы қыз лотореядан 36 млн АҚШ долларын ұтып алды

18 жастағы канадалық Джулиетт Ламур бірінші талпыныстан 48 млн Канада доллары (35,8 млн АҚШ доллары) көлемінде джекпот ұтып алып, лоторея тарихындағы ең жас жеңімпаз атанды. Қызға әкесі лоторея билетін толтыруға кеңес берген. Ұтысқа ие болғанын естіген сәтте бірден әкесінен сүйінші сұраған. "Қуанғаннан қатты жыладым. Әлі күнге дейін сене алар емеспін, өмірімдегі алғашқы лотореядан джекпот ұтып алдым", - деді Джулиетт журналистерге. Оның айтуынша, билет толтырғанын ұмытып кеткен. Кейін жаңалықтардан 7 қаңтарда өткен ойында Онтарио штатында, оның туған қаласында біреудің жүлде ұтқанын оқыған. Жұмыста отырып, лоторея ұялы қосымшасына кіргенде экраннан "Жеңімпаз" деген жазуды көрген. Әріптестері де қуаныштан айқайлаған, деп еске алады бойжеткен. Джулиетт ақшасының бір бөлігін біліміне жұмсап, дәрігер болғысы келеді. Ол әрқашан медициналық білім алуды армандаған, бірақ оған грант немесе ақша керек болған. Қазіргі уақытта ол өз қаласында қалып, қоғам үшін еңбек етпек. Ақшасының бір бөлігін мектепті бітірген соң (Канадада 17-18 жасқа дейін оқиды) демалуға жұмсайды. "Мектепті бітірген соң отбасымызбен кез келген құрлықты таңдап, оны зерттеуге барамыз. Әртүрлі елдерге барып, оның тарихымен және мәдениетімен танысып, тамағынан дәм татып, тілін тыңдағымыз келеді", - деп бөлісті Джулиетт Ламур арманымен. "Ақша адамның жеке басын көрсетпейді, сені өмірде немен айналысатының айқындайды", - деп есептейді ол.

Жансая Олжабек, BBC
07.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ДИМАШ "ƏНШІ ЕМЕС", ОҒАН АТАҚТЫҢ ДА    КЕРЕГІ  ЖОҚ!
Аймұханбет Бейсембеков - Шəкірім атындағы университетінің профессоры. 18.04.2019 Қарағайлы. - 17.05.2024 47
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 96
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 54
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 47
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 50

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1547
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7583
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11459
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7625
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7786