Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді

Өркенді  қала-қуатты өңірге жетелейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі  Бауыржан Ғайса  үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Көкшетау қаласы бойынша  атқарылған жұмыстарына журналистер алдында баяндап,  олардан түскен сауалдарға жауап берді.

Бізде сауал қоюшылар қатарынан табылып Көкшетау қаласында «Қуатты өңір-  ел дамуыныі  іргетасы» жобасының қалай атқарылып жатқанын сұрап білген едік.Жоба жайлы сәл кейін.  Алдымен брифинг жайлы қысқаша.

  Экономикалық көрсеткіштер өсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Көкшетау қаласында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр деп, сөзін бастаған әкім төмендегі атқарылған істерге тоқталды.

Бауыржан Сейтқалиұлы:- Ағымдағы жылдың бірінші тоқсан қорытындыларына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері орындалды. Шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жатқан субъектілері саны 20 мыңға жетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда  14,7 пайызға артық. Экономиканың нақты секторында 1100-ден аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыспен қамту қызметтерінің көмегімен барлығы 777 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы  сомасы 12,4 миллиард теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылуда. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінудің нәтижесінде, есепті кезең ішінде 75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Бірінші  тоқсанда тек, бюджет қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары сияқты үй кезегінде тұрған отбасыларға арналған 2 жалдамалы үй пайдаға беріліп, 100-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. 

 Жарық жүйе жаңартылып,  абаттандыру  басталды  

Қуат көзін нығайту мақсатында Трансформаторлық қосалқы станцияларда дабыл жүйесін жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде. Биыл Т.Сүлейменов, П.Осипенко, М.Әбілқасымов, С.Жүнісов, М.Калинин көшелеріндегі, Бірлік және Застанционный шағын аудандарындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу  жоспарланып отыр. Қала тұрғындарының өтініш-тілектері негізінде жарық құралын ілетін 151 дана жарық діңгек орнатудан,  бүгінгі күні 75 орнатылды.   19 кабельдік желіге, 15 трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз.     Бүгінгі таңда «Сорғы станциясын» жөндеу жұмыстары жүргізілді, ол ЖАО, тубдиспансер, су торабы, Красный Яр саяжайлары ауданының тұтынушыларын қамтамасыз етеді;

Н.Назарбаев, Ш.Құсайынов, Алматы, І.Есенберлин көшелерінің аумағында және Красный Яр саяжайлары ауданында трансформаторлар ауыстырылды.

Трансформаторлық қосалқы станцияларда дабыл жүйесін жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сарыарқа шағын ауданының тұрғындарынан бірнеше рет электрмен жабдықтау сапасына қатысты негізделген сын келіп түсті. Біз 8 трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жедел ажыратып қосуды орындау, тұтынушыларды шектемей бөлу нүктелерін ауыстыру үшін 20 дана мөлшерінде ток трансформаторлары бар вакуумдық ажыратқыштар орнатылды.

2023 жылы А.Сүлейменов, Н. Осипенко, М. Әбілқасымов, С.Жүнісов көшелеріндегі, Бірлік және Застанционный шағын аудандарындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған

Ағымдағы жылы жол жөндеу  жұмыстары  сәуір айында  басталып, келесі жобалар іске аса бастады.

 Қала әкімдігі 14 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы және 49 шақырым қаланың ішкі жолдарын  жөндейміз. Қопа көлі бойымен Н.Назарбаев даңғылынан Қызыл жұлдыз ауылы арқылы  Краснояр ауылынына айналма жол салынады. Сарыарқа шағын ауданы аумағы,  Н.Назарбаев, Ж.Тәшенов , Ш.Құсайынов көшесінің жолдарын  жөнделетін болады. №8 орта мектептіңауданындағы Қылшақты өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу бойынша  конкурс жарияланды, жеңімпаз анықталса, құрылыс басталады. Қаланың әртүрлі аудандарында ұзындығы 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді.

 А.Құнанбаев, М.ҒабдуллиЖ.Тәшенов,Е.Әуелбеков көшелерінің шекараларындағы аула аумақтарын күрделі жөндеу бойынша жобаны іске асыру аяқталуға жақын

Онда:- Бейбітшілік шағын ауданындағы жолдарды орташа жөндеу.

- Маяковский көшесі, Л. Чайкина көшесі, Застанционный шағын ауданындағы Ақан көшесінің жолдарын орташа жөндеу - Затаевич көшесіндегі жолдарды орташа жөндеу                        

- Ш. Уәлиханов, Ақан Сері, М.Ғабдуллин  көшесінің жолдарын  реконструкциялау басталды.    Бұдан басқа, келесі жобалар бойынша конкурс жарияланды:- Қопа көлі бойымен Н.Назарбаев даңғылынан Қызыл жұлдыз ауылына кіреберіс жолы бар Красный Яр ауылындағы Ә.Ұмышев көшесіне дейінгі екі кезеңді айналма жолдың бірінші кезеңі басталуға жақын. Көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде Б.Әшімов көшесіндегі теміржол арқылы өтетін автомобиль көпірін орташа жөндеу қолға алынды.                                                                   

               Абаттандыру жұмысы қолға алынып жатыр. Бүгінгі жағдаймен   А.Құнанбаев,М.Ғабдуллин,Ж.Тәшенов,Е.Әуелбеков көшелерінің шекараларындағы аула аумақтарын абаттандыру, алаңдарды күрделі жөндеу бойынша жобаны іске асыру аяқталуда. Ағымдағы жылы Жайлау шағын ауданындағы аула аумақтарын күрделі жөндеу жұмыстарының екінші кезеңі  басталады  Қалада 8 спорт және 5 ойын алаңдары, 2 саябақ пен 18 бақтың құрылысын жүргізу және реконструкциялау жоспарланып, Красный Яр ауылында саябақ құрылысын салу  басталды.  Қаланың әртүрлі аудандарында ұзындығы 14 шақырым тротуарларды жөндеу және орнату бойынша жұмыстар жүргізуге дайын, деп мәлімдеген әкім Бауыржан Ғайса  Барлық туындаған қиындықтарға қарамастан, алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатқанын атап өтті.Әкім Б.Ғайсамен  брифингтен соң жеке кездесіп. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы Көкшетау қаласы шеңберінде қалай жүзеге асып жатқаны жайындағы естіп, білуге   шағын сұқбат жасадық.     

Дахан Шөкшир
02.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1046
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7093
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10946
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7160
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7305