Перуашев, сөзіңде тұр, халқыңды алдама!

Перуашев, сөзіңде тұр,  халқыңды алдама!

«Ақ жол» партиясының қазаққа ұнайтын ту етіп көтеріп жүрген екі мәселесі бар. «Ақ жол» – Алаш арыстарының мәртебесін көтеріп жүрген бірден-бір партия. Сондай-ақ белгілі ақын, журналист, қоғам қайраткері Қазбек Исаның демеуімен қазақ тіліне жеке мәртебе беретін заң шығарып, ресми тіл – орыс тілін алып тастауды көптен бері көтеріп келеді. Қазіргі сайлау науқанында олар алдына тағы зор мақсат қойды. «Түбегейлі өзгерістер қажет!» Халықтың діттегені де осы! Жүйе өзгермей, Әділетті Қазақстан орнату мүмкін емес. Елімізде әлі де жемқорлар білгенін істеп жүр. Оларға жойқын шабуыл жасалып, тамырларымен қопармаса, онда істің бәрі бос.

Өткен аптада Алматыда шағын саябақта «Ақ жол» және Перуашев          сайлаушылармен кездесті. Музыкалатқан топтың ортасында бұтында шортигі, үстінде көнетоз күртесі бар қара шал кетіп барады. «Бұл қара шал кім екен?» – деп қарасам, қазақтың емес, Үндістанның атасы Махатма екен. Перуашев мырзаға: «Көтерген тақырыптарыңыз тамаша. Бірақ елдегі жағдайды түбегейлі өзгерте аласыздар ма?» – деген сауал жолданды. Перуашев: «Жасаймыз!» – деді. Мен күмәндандым. Жалпы біздің шенеуніктердің табандары тайғақ қой. Ал егер жасай алмаса, белі көтере алмайтын шоқпарды неге беліне іледі? Бәріне уақыт сыншы. Сайлау да өтер. Сонан соң Перуашевтың әуселесін көреміз. Әзірге «Ақ жолға» ақ жол тілейміз

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 29
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 16
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 979
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7030
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10873
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7097
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7237