Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті

Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті

Бүгін 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қарағанды қаласы әкімдігі, Қазыбек би және Ә. Бөкейхан аудандары әкімдіктері, депутаттар, саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары облыстық «Әнет баба» мешіті және  Сәкен Сейфуллин көшесінде орналасқан «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына» арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 

Сондай-ақ осы күні «Алаш» қайраткері, қазақтың тұңғыш профессор-математигі Әлімхан Әбеуұлы Ермеков тұрған Абай 58-үйдің жанында Қарағанды қаласы әкімдігінің, «Байтақ» партиясы өкілдері және тарихшы Нұртас Смағұл, № 2 лицейдің педагогтары мен оқушыларымен бірлесіп  Әлімхан Ермековтің өмірі мен тарихымыздың қасіретті беттері туралы танымдық сағатын өткізді. 

Бұдан әрі Ә. Бөкейхан ауданында орналасқан «Алаш» қозғалысының көсемі, даңқты қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның муралының қасында жастардың және қаланың белсенді тұрғындарының қатысуымен флешмоб өтті.

Бабаларымыздың қайсар мінезі мен елдік жолындағы ерліктері өшпес нышаны ретінде ұрпақ санасында қала бермек.

01.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 843
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6917
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10756
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6987
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7127