​​ҚАТЕЛІКТЕРІНЕ КЕШІРІММЕН ҚАРАУ

​​ҚАТЕЛІКТЕРІНЕ КЕШІРІММЕН ҚАРАУ

Алла разылығы үшін бауыр болған адамдар бір-бірінің қате-кемшіліктеріне кешіріммен қарай білгені дұрыс. Қасиетті Құран Кәрімде: «Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы», – деп айтылған («Шура» сүресі, 43-аят).

Өкпелеу, ренжу, көңілге алып қалу әркімнің де қолынан келеді. Алайда кешіре білу – иманды, Алла Тағаланың кешірімінен үміті бар тақуа жандардың ісі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Кешірімділік етулерің тақуалыққа жақынырақ», – дейді («Бақара» сүресі, 237-аят).

Бауырының бойынан көңіліне жақпайтын іс көргенде мұсылман адам сабыр сақтап, оған бола өкпелемей, кешіре білуі керек. Тіпті, ренжу сезімін оятпау да қажет. Алла Тағала Құранда: «Өте әдемі түрде көңіліңмен кешір», – дейді («Хижр» сүресі, 86-аят).

Көңілмен әдемі түрде кешіру деген көңілдегі кірді алып тастаған соң, ол адамды айыптамау дегенді білдіреді. Жүсіп пайғамбардың қиссасында ағайындары көреалмаушылық қылып, оны құдыққа тастап, әкелеріне «қасқыр жеп кетті» деп өтірік айтып баратындығын білеміз. Бірақ өзіне зұлымдық қылған ағайындарын Жүсіп пайғамбар (Алланың сәлемі болсын) кешіріп:

«Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді кешірсін. Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі», – дейді («Жүсіп» сүресі, 92-аят). Осылайша, Жүсіп пайғамбар ағаларының оған қылған қылмыстарын еш сөкпестен, кешіріп қана қоймай, олар үшін Алла Тағаланың жарылқауын тілеп, дұға еткен.

Дереккөзі: Думан Сайфулла, «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабы
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 324
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6427
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8040
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6506
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6644