Қазақ музыкалық-драма театрына – 50 жыл

Қазақ музыкалық-драма   театрына –   50 жыл

1972 жылы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан»  спектаклімен шымылдығын ашқан Серке (Серәлі) Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының құрылғанына биыл 50 жыл толды. Театрының 50 жылдық тойына, өнер тарландарының мерейлі мерекесіне көрермендер көп жиылды. 1972 жылы Мәскеудегі Шепкин атындағы театр училищесін бітірген жастар дипломдық жұмыстарын да дәл осы спектакльді қойған екен. 

  Театрдың 50 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Мерейтой салтанатына Астана, Алматы, Тараз, Қостанай және Қарағанды қалаларынан арнайы қонақтар келді. Олардың қатарында  театрдың іргетасын қаласқан актерлер, елімізге белгілі  өнер мен мәдениет қайраткерлері, театр басшылары  және  басқа да құрметті қонақтар бар. Бұдан соң театрдың әртістері дайындаған «Бізге – 50 жыл!» театрландырылған қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Театрдың іргетасын қаласқан әртістер сахна төріне  шақырылды. Олар студенттік шақтарын, театр іргесін құрған жастық шақтарын еске алып, театрға шығармашылық табыс тіледі.  

22.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1598
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7633
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11511
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7675
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7832