ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРҒАЙТЫНДАР ЕКЕУ БОЛДЫҚ- Мақсым Рожин

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРҒАЙТЫНДАР ЕКЕУ БОЛДЫҚ- Мақсым Рожин
Кешелі-бері Парламент Мәжілісі депутаты болуыммен құттықтаған халықтың ақ тілегі ағылып жатыр! Аллаға сансыз шүкірлік! Артылар жүктің салмағы да ауыр!
Мәжілістегі депутаттар да бір-бірін құттықтап жатыр. Маған ең қатты ұнағаны- Мақсым Рожин бауырымның құттықтауы болды!
-Құтты болсын Қазыбек аға! Мемлекеттік тіл үшін күресіп жүрген сіздің қайта депутат болғаныңызға қатты қуаныштымын! Біз де қасыңызға келдік. Енді Парламентте Қазақ тілін қорғайтын екеу болдық аға!-деп күлімдегенде Арыстың алтынсары баласы күндей жарқырап тұрды.
Мақсым бауырымды құшақтап, бауырыма тарттым!
Біздер бастап, Рожиндер қостап, Мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдайтын күн де алыс емес.
Бүгін Мәжілісте ант қабылдағанда бір-екі сөйлемді тілін бұрап, зорға сөйлеп, жат тілдік акцентпен ақсап тұрған қазақтар мен қазақ тілін майын тамызып тұрып айтқан Мақсым Рожиндердің бейнеролигі бекер тарап жатқан жоқ…
Барлық Мәжіліс депутаттарына алдағы ауыртпашылығы мол, жауапкершілігі зор парламенттік майданда парасаттылық пен біліктілік, Тәуелсіздік пен Ұлттық мүддені қорғауда қайтпас қайсар табандылық, бірлікке негізделген жемісті тірлік тілейміз!
Алла жар болсын!
Ақ жол!
Қазыбек ИСА
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 54
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 24
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 14
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 17
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1517
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7553
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11430
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7592
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7752