Қазақстан құтқарушылары Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатыр

Қазақстан құтқарушылары Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатыр

ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысына қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 ақпанда Қазақстан Республикасының құтқарушылар тобы Түркияның 3 қаласында іздестіру-құтқару операциясын жалғастырып жатыр. Олардың қатарында Газиантеп, Нұрдағы және Хатай қаласы бар. Құтқарушылар үйінді астынан 10 адамның мәйітін алып шықты. Одан бөлек, 4 адамды тірідей құтқарды. Біздің мамандар екі ауысымда (күндіз, түнде) жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырудамыз», - деді Ибрагим Күлшімбаев.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, құтқарушылар тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Айта кетейік, соңғы мәліметке сәйкес, Түркияда жойқын зілзаладан қаза болғандар саны 14 мыңнан асты, тағы 63 мың 794 адам жараланған.

Сондай-ақ, Түркияның Кахраманмараш қаласының маңында 4,8 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді.

Бүгін ТЖМ Юрий Ильин қазақстандық құтқарушылардың жұмысы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берген еді.

09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1550
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7585
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11462
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7627
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7787