Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі қонақты елорда әуежайында қарсы алды. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қытай басшысының елімізге келуі оның пандемиядан кейінгі шетелге жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екенін мәлімдеген болатын. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ДИМАШ "ƏНШІ ЕМЕС", ОҒАН АТАҚТЫҢ ДА    КЕРЕГІ  ЖОҚ!
Аймұханбет Бейсембеков - Шəкірім атындағы университетінің профессоры. 18.04.2019 Қарағайлы. - 17.05.2024 45
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 92
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 52
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 42
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 45

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1541
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7578
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11453
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7619
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7779