«РАДУГА» ЖШС-нің ҚАҒАЗ ӨНІМДЕРІ ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«РАДУГА» ЖШС-нің ҚАҒАЗ ӨНІМДЕРІ   ФАБРИКАСЫ ІСКЕ   ҚОСЫЛДЫ

Облыс орталығында  қағаз өнімдері фабрикасы іске қосылды. Бұл туралы СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі парақшасында: «Біз экономикамызды әртараптандырудамыз. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, индустриялық салада жаңа секторларды дамытудамыз. Біздің өңірде тағы бір жаңа өндіріс ашылуда. Қағаз өнімдерін шығару – СҚО экономикасы үшін жаңа бағыт. Қазір біздің елімізге шығарылғаннан 2 есе көп қағаз өнімдері импортталады. Қағаз импортын төмендету үшін маңызды инвестициялық жоба іске асырылды», – деп жазды.

Бұл жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция салынды. «Қарапайым заттар экономикасы» желісі бойынша жеңілдікті несие берілді. 80 жаңа жұмыс орны құрылды. Қағаз фабрикасы жыл сайын 200 миллион теңге салық төлейтін болады.

Фабрика жылына 3 миллиард теңге сомасына 5 мың тоннадан астам өнім шығарады. Бұл санитарлық-гигиеналық қағаз, майлықтар, қағаз сүлгілер, А4 қағазы. Барлығы 20 түрлі өнім. Сонымен Қазақстан бойынша гигиеналық қағаз импорты 16 пайызға төмендейді.

Айта кету керек, өндіріс көлемі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының  фабрикасы еліміздегі екінші өндіріс орны.

Жаңа кәсіпорын ілеспе өндірістерді дамыту үшін негіз болады. Шикізатқа үнемі қажеттілік бар, бұл болашақта фермерлерге сабанды фабрикада одан әрі сатумен қайта өңдеуге серпін береді.

Қазақстанда полиэтилен пакеттерін пайдалануды біртіндеп азайту жоспарлануда, сондықтан тиісінше қағаздан жасалған ұқсас өнімге қажеттілік туындайды. Жаңа зауыт – бұл полиэтиленді қағаз өнімдеріне қарай біртіндеп ауыстырудың нақты қадамы.

СҚО әкімінің баспасөз қызметі көмегімен әзірленді
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 837
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6912
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10751
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6980
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7122