Ресей алғаш рет дефолтқа ұшырады

Ресей алғаш рет   дефолтқа ұшырады

    BBC News: «Ресей соңғы жүз жылда алғаш рет сыртқы қарызы бойынша дефолт жариялады», – деп хабарлайды. 27 мамырда 100 миллион доллар көлемінде пайыз төлемі төленуі керек еді. Ресей тарапы ақша Бельгияның «Euroclear» қаржы қызметтері компаниясына жіберілді деп мәлімдеді. Содан кейін ол төлем инвесторлар арасында бөлінуі тиіс болатын. Бұл төлем бұғатталып, кредиторлар дивидендтерін алмаған. Ақша төлем жасалған күннен бастап 30 күн ішінде түсуі керек еді, сондықтан бұл дефолт деп саналады. «Euroclear» барлық санкцияларды ұстанатынын атап өтті. Ресей үкіметі өз төлемдерін уақытында жасағысы келетінін мәлімдеді. 40 млрд долларға жуық Ресей қарызы доллармен немесе еуромен белгіленген, оның жартысы елден тысқары жерде. Өз кезегінде Кремль 23 маусымда қарыз бойынша барлық төлемдер шартта доллармен немесе басқа да халықаралық валютамен көрсетілсе де, Ресей банкі арқылы рубльмен жүргізілетіні туралы бұйрық шығарған. Бұл дефолт – Ресей үшін қағаз жүзіндегі соққы. Дефолт жариялаған елдерге әдетте қарыз берілмейді, бірақ Ресейге санкцияларға байланысты батыс нарығында онсыз да қарыз беруге тыйым салынған. Ресей соңғы рет сыртқы қарызы бойынша дефолтты 1918 жылы жариялады. Ол кезде коммунистердің көшбасшысы В.Ленин большевиктер революциясы кезінде Ресей империясының қарызын төлеуден бас тартқан болатын.   

 

Ермек Сахариев
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 78
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 63
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 88

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1226
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7270
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11134
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7333
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7481