САРЫАҒАШТА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САРЫАҒАШТА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ  АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы А.Тулендиев 9 мамыр –Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аудан тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы қария Ишхонов Эрмоханның үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы ардагерге және оның отбасына амандық саулық тілеп, құттықтау қағазы мен қосымша демеушілер есебінен арнайы 1 000 000 теңге қаржылай сыйлықты табыстады. Ардагер құрмет көрсетуге келген қонақтарды қуана қарсы алып, өзінің майдан даласындағы кешкен қиыншылықтарынан сыр шертіп, қан майдандағы шайқастарын, қарулас достарын еске алды. Сөз соңында жас ұрпаққа бейбіт өмір мен амандық тілеп, алғысын айтып, ақ батасын берді.
Ардагер 1923 жылы 1 қаңтарда Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанған. I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы» ордендерімен, «Мінсіз қызмет атқарғаны үшін», «Украинаның 50 жылдығы», «Ерлігі үшін» және т.б медальдармен марапатталған. Ардагер 4 ұл мен 3 қыздан 33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1606
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7641
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11520
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7684
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7840