ШАХ!..МАТ!..

ШАХ!..МАТ!..

(Тақтадағы тастар  және  Әлем Ойыншылары)

 

Бір ұтуға бірін-бірі ғашық тас,

Ал,Ойыншы: бітіруге асықпас.

 

Тастар жатыр жағаласып,жандасып,

Ал, Ойыншы: қайта үрлер, сан басып.

 

Тастар жатыр-бар үміті жеңісте,

Ал,Ойыншы: көрінбейді еңісте.

 

Ақ пен қара бөліп алған  түр-түсті,

Өрттей лаулап, ит-жағалас сілкісті.

 

Қызыл қанға сардар біткен бойлауда,

Ал,Ойыншы: қызық көріп тойлауда.

 

Ешкі еніп, кіріп кетті қой дауға,

Ал, Ойыншы: уақыт бермес ойлауға.

 

«Тас – Сарбаздар»- салып жатыр қырғынды,

Ал, Ойыншы: «тыныштықты»  жыр қылды.

 

Тынып еді, қайта себеп таптырды,

Ал,Ойыншы: ортаға от лақтырды.

 

Өңкей тастар жұрдай болды  бақыттан,

Ал, Ойыншы: келеді ұтып уақыттан.

 

Соғыстарға: «қызыл» , «жасыл» түр берді,

Ал, Ойыншы: от ішінде гүлденді.

 

Шегінгенге шелпек сыйлап, жең берді,

Сол ойыншы тас-тақтасын меңгерді.

 

Тастың қанын таспен ұрып жұтып жүр,

Ал, Ойыншы: бас пен ұғып ұтып жүр.

 

Балық сынды шөлмектерге қамалған,

Халық сынды жеңілді де заманнан…

 

Көрсетпекке сосын өзі кездігін,

Ал,Ойыншы: күтіп отыр мезгілін.

 

Міне,саған: шахматтың көкесі,

Әлі, алда: әңгіменің төтесі.

 

Күллі  адам тақтадағы тастармыз,

Алданғанбыз,туыла сап бастан Біз.

 

Ойыншылар: Ордамызды  тонады,

Бұған қашан, енді шектеу болады.

 

Шырғалдаңнан шығармайды ұлттарды,

Шаңқай түсте күн күмілжіп бұлттанды.

 

Ойыншылар! ..Біз –Олардың ұршығы,

Шайтаннан да жаман болды қырсығы...

Сабыр Адай, "Серттесу" кітабы.
14.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 28
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 15
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 977
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7028
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10871
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7095
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7235