Сен кімнің мүддесін қорғайсың?

Сен кімнің мүддесін қорғайсың?

 

     Алдағы сайлауға қарсы ел арасында  түрлі пікір айтушылар, қоғамдағы шешімін таппаған мәселелер тақырыбына байланысты билікке сын айтушыларда шек жоқ. Олардың біреулері билікті кескілеп сынап, үйреншікті ұсақ-түүйектен аспай жатса, енді біреулері жанталасып, бұрынғы отыз жылдан миына сіңіп қалған (У әсері), ескі әдіспен билік басындағыларды асыра мадақтап, маза таппай насихаттаумен әлек. Ал, қарапайым қалың жұрт балса, біресе оңға бұрылып, біресе солға қарап екі жақта дұрыс айтатын сияқты деп, әліптің артын бағып, « ... бұйырғаны болар» деген оймен сол сайлауға барсамда-бармасамда ақша мен билік өз дегенін жасайды деген енжарлық тұзағынан шығалмай отыр.

     Ел ішінде кеңес дәуірінен қанға сіңген мейлі президентке, не парламентке  болсын біреуді қандидаттыққа ұсынса халық қаламасада, олардың бірден бағасын аспандатып «Халық қалаулысы» деген ұғымды қыстырып, олар туралы сөз айтуға болмайтындай дәстүр қалыптасқан. Сол президенттікке ұмтылған «Халық қалаулысы» болғандардың әрқайсыларынан жеке жауабын күтетін сұрақ бар.                                                            .                                                                                                             Олардың жұрт алдында әзір, айтып жатқан сөздері жәй уәде, бос декларация. Өздерінің билікке келсе мемлекетттің нақты ұстанымы қандай болады, негізгі қандай басты халық разы болатын мәселе шешіледі деген Бағдарламасын жұртқа көрсете алмады. Бәрі сол баяғы отыз жылдан естіп келе жатқан бос әуен. Тоқаев мырза болса, ол өзінің президенттік міндетін атқарумен істеп жатқанын  айтып құтылуды ойлайды.  Ал, басқаларыңда ондай мүмкіншілік жоқ. Бірақ, халық ешкімнің  сылтауын қабыл алмайтыны белгілі. Қазіргі сайлаудан өткенің алдында Үлкен сын тұр. Өйткені, бұрынғы ұйқтап жатқан жұрт жоқ, олар оянған. Демократия жолын шын ұстанатын «тұлға» жұрттың наразылығына тап болса, билігінің  қысқа болатынын ұғуы қажет. Бүгін болған сайлау ертең де, бүрсікүні де  болады.  Оны ешкім күшпен тоқтата алмайды. Мемлекеттің күші – халықтың бірлігінде! Қазақ жылқы мінезді, туласа жықпай қоймайды.                                                                                                      

            Құрметті қандидат, сен кімнің мүддесін қорғайсың?... Осыған жауабың бар ма?...              

Ел-жұртың күтіп отыр. Халықтың естігісі келетін жауабы, мына мәселелерге байланысты: Бірінші, Қазақстан елінің тәуелсіз, дамыған мемлекет деңгейіне көтеріліп жетуі, барша халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты. Елімізде сауатты, ғылыми негізде ұлттың менталитетіне сүйенген экономикалық  даму бағытын айқындаған ұстанымы (Ұлттық бағдарламасы) жоқ. Тек анда санда жұртқа кезекті арнаулардан басқа. Халқының әлеуметтік жағдай деңгейі жоғары дамыған елдің экономикалық тәжірибе матрицасын, өз елінде халық пікірімен санаспай, ғылыми сараптан өткізбей пайдаланып жүргендері тиімсіз, тек зиян әкелуде. Мемлекеттің келешегін ойлау деген, дамуыдың табиғи экономикалық заңынан ауытқымау. Қоғамның дамуы халықтың кедейшіліктен құтылуына тікелей байланысты. Неғұрлым бұқара халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып ауқаты артса, соғұрлым мемлекет күшейеді. Экономиканың мықты болуы сырт көзге тиімді көрінетін макроэкономикаға байланысты емес, ол ең бірінші өз халқаның әлеуметтік деңгейін дамыған батыс елдерімен теңестіруге әкелетін ішкі экономикасының ұлттық менталитетке сәйкес  жұрттың мұқтажын толық шешетін бағытты ұстануына байланысты. Яғни, қоғам кедейліктен арылып, ауыл мен қала  арасындағы әлеуметтегі, мәдениеттегі, денсаулық сақтаудағы және басқадай қызмет көрсетудегі қайшылықтарды жоюды іске асыру қажет.

Екінші, отыз жыл ішінде қазақ мемлекеті  қандай болуы керек және кімнің мүддесін                                       

қорғайды деген мәселе шешілген жоқ. Билік тек қаржы алпауыттары мен халықтың ортақ

байлығын тонап байыған ірі шонжарлардың мүддесін қорғауы халықтың кедейленуіне, 

ұлт байлығының талан-таражға түсуіне алып келді.  Соның салдарынан, өз елінің 

намысын қорғайтын, жерінің табиғи байлығын ысырапқа ұшыратпай тиімді пайдаланып 

барша халықтың ауқатты болуына ықпал жасайтын ұлттық буржазия қалыптаспады. Тек 

шет елге байлығын әкетіп өздеріне жұмақ өмір құрып жатқандар болмаса. Оларды

кедей халықтың хал-жайы толғандырмайды, бай мен кедейдің ойыда, арманыда басқа.

Елімізде мемлекеттің қаржылық қорының негізгі көзі орта мен шағынкәсікерлік және 

жеке кәсіпкерлерді  мемлекеттік деңгейде қолдау  шешілмеген. Елімізде жемқорлық пен 

көзбояушылық кең өріс алған. Соның салдарынан  билік пен сала жүйелерінде халық 

үшін адал қызмет ететіндердің жолы жабылып, ал бір-бірін сүйреп, өзі мен туыстарының 

және тамыр-таныстарының қамын жейтіндерге билік сатылар қақпасы айқара ашылатын  

жағдай жасалған.

Үшінші, әлі күнге дейін мемлекеттің тәуелсіздігінің мәңгі болуының өзегі отарлық саясат 

зардабынан құтылатын заң қабылданбағандықтан экономикалық, рухани, ақпараттық 

экспансияға ұшыраған елді қолдадайтын ұлттық бұжуазиялық мемлекеттің символы –

өз тілінің статусын арнайы заңмен бекіте алмай отыр. Соның салдарынан Ұлттық тәуелсіз 

мемлекетттің мызғымас фундаменті ұлттық өзіндік сана негізінде жаңа қоғамдық сана 

қалыптасуы тежеліп, ұлт дамуы тығырыққа тірелген жағдай бар. Кеңес дәуірінен қалған 

идеология ықпалынан арылмай мықты мемлекетте, тәуелсіздік те, мәңгі болмайды.                                                                                                                                    

Төртінші, казір барша халықты елеңдетіп, үміт отының ұшқынын әкеліп отырған «Жаңа Қазақстан» ұраны. Оның іске асып, баянды болуы әділет пен ынтымаққа сүйенген халық пен биліктің арақатынасына байланысты. Әділеттілік болу үшін қазіргі қоғамда терең өзгеріс (түбегейлі реформа) қажет. Өзгеріс, билік пен  халықтың ортақ пікірге келіп, ынтымақ бірлігі болғанда ғана нәтиже әкеледі. Қазіргі елімізде қалыптасқан қоғамның дамуын тежеп, демократиялық өзгерістерге кедергі жасайтын қайшылықтардан арылу  керек. Мәселе: «Жаңа Қазақстан» құрамыз дегендер соған дайынба? Әділетті қоғам болу үшін парламенттен бастап барлық заң қабылдайтын және құқық қорғау жүйесі заң қабылдау мен оны орындаудағы кеңес дәуірінен келе жатқан идеологиясын өзгертуді іске асыруы керек. Онсыз ешқашанда біздің қоғамда әділеттілік болмайды. Мысалы: қазір сот отырысында азаматтың құқы қаралған кезде заң бойынша шешім тек заң кодексінің жазылып қойған баптың бір ғәрпіне қайшылығы жоқ(бюрократиялық) шешім қабылдайды. Ал, өмір шындығы адам кейбір әрекеттер жасауға еріксіз, сол мезетте болған жағдайға қарай қимылдауға мәжбүр болады. Жазылған заң адам өмірінде кездесетін сан алуан жағдайды ескере алмайтындықтан келте шешім қабылданады. Оны не судья, не қорғаушы адвокат шешуге қанша дәлел болсада, сот отырысында өзгерте алмайды. Өйткені, заңда басқадай мүмкіншілік берілмеген. Соның салдарынан, шешімге сот пен қорғаушы келіседі, не жоғары билік өкілі ықпал етеді. Бұндай жүйеде әділдік жоқ. Тағы бір мысал: Қазіргі жұрт әділ қоғам құру үшін қажет деп отырған  сайлауда берілетін бюлетеніндегі «Барлығына қарсы» - деген заңды салмағы жоқ енгізілген жазу, барша халықтың құқын шектеуге бағытталған деп жүргендер  қателесе ме? Жоқ бұл сайлау нәтижесіне ықпал етпейді деген Әділет министірі қателесе ме?  Сайлауға дауыс берген халықтың пікірін есепке алмау деген ашықтан ашық жұртты қорлау емес пе? Бұл қадам халық пен биліктің арасын сына қағып, арақатынасындағы ынтымаққа зиян әкелу. Осыдан кейін билікке халық  сене алама? Сонда, пезидентті кім сайлаған болып шығады. Осыған «Халық қалаулысы» не дейді?  Осындай қоғамда әділеттік пен ынтымақ болады деп, кім айта алады?

Бесінші, бізге бабалардан қалған мұра кең байтақ жеріміздің табиғи байлығы тұнып тұр. Соны көздің қарашығындай қорғап, ынтымақпен ұйысып пайдалана білсе қазақ халқының дәулетті мықты мемлекет болуына, тәуелсіз елінің талай ғасыллар өмір сүруіне жететін қазына. Сол қазынаны шашпай, ұрпақтардың келешегі үшін сақтайтын қоғам құру қазіргі жұрттың борышы. Ең үлкен байлық жеріміз, оны шет елдіктерге сатуды тоқтату қажет. Ол елімізді палестина жұртының тағдырына ұшыраудан сақтайды. Қазақ жері, елі атом қатеріне ұшырап қасірет шеккен бірден-бір ел. Сондықтан электрқуаты қажет деген сылтаумен АЭС салу дегенді халқымыз қолдамайды. Бізде электроқуатының байлық көзі жеткілікті. Осы мәселе біздің елде мәңгі көтерілмейтін шешім қабылдау қажет. Оның жерге, елге алдыңғы әкелген қасіретін ұрпағымыз талай ғасыр шегетіні белгілі. Оны әкелген Одақ келмеске кетседе, еліміздің байлығын сорып дамыған ресейден жерімізге халқымыздың денсаулығына  әкелген зардаптың құнын талап ету қажет. Атом мен әскери полигондардың зардабы қазақ жерінде тұрған бүкіл халықтың денсаулығына зиян әкелгендіктен мемлекет барша халыққа арнайы бағдарлама бойынша көмек көрсетуді шешуі қажет. Өйткені, сол полигондардың зардабынан уланған жұрттың денсаулығы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатыны аян. Соның зардабын бүгінгі күнге дейін жасырумен келеді. Сондықтан елімізде экология мен адам денсаулығына келген зардапқа байланысты арнайы ғылыми-зерттеу институтын ашу қажет

Болат Дүйсембі
18.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 866
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6934
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10772
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7006
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7145