СЕССИЯ

СЕССИЯ
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті.
🔹Жиын басталмастан бұрын қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай №25 сайлау округінен депутат болып сайланған Елдос Далабайды әріптестеріне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
🔹Сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 шешіміне өзгерістер енгізу бойынша Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев баяндама жасады.
– 2024 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабын басшылыққа ала отырып және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері негізінде дайындалды. Биыл 24 сәуірде облыстық бюджетті нақтылау барысында Тараз қаласының бюджетіне трансферттер қарастырылды. Оның ішінде А.Асқаров көшесінің соңындағы алқапта құрылысы жүріп жатқан 16 көппәтерлі тұрғын үйдің, «Бәйтерек» ықшамауданындағы 1 200 орындық, «Ұлы дала» ықшамауданындағы 1 200 және 2000 орындық жайлы мектептердің инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге және абаттандыруға қаржы қарастырылған. Сондай-ақ облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы және Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасымен келісе отырып, өзіндік кірістерді ұлғайту жөнінде ұсыныс қабылданған. Бұдан бөлек қала аумағында жүргізілетін бірқатар жұмысқа қажетті қаражатты нақтылау ұсынылып отыр, – деді Жандос Илиясбекұлы.
🔹Жиын барысында сонымен қатар «Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-5 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-6 шешіміне өзгерістер енгізу және Тараз қаласында жаңадан ашылған учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін қалыптастыру, Тараз қалалық учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшесін босату туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
🔹Содан соң депутаттар күн тәртібіне шығарылған және өздері сайланған округтердегі өзге де мәселелер жайлы сауалдарын жолдады. Мәселен, Марат Жұманқұлов облыс орталығы аумағындағы Конго-Қырым геморрогиялық қызбасының шығуы мүмкін ошақтарын анықтау бойынша жұмысты қолға алу жайын көтерсе, Мария Айтбекова «Шөлдала» алқабындағы саяжайларды ауызсумен, суармалы сумен қамтуға, Елдос Далабай мердігердің «жосықсыз» деп танылуына байланысты «Жансая» шағын ауданындағы №37, 39 үйдің ауласын асфальттаудың тоқтап қалуына қатысты сұрақ қойды. Ал Нұрлан Саурықов жылу желісін жаңғырту жұмыстарына орай Төле би көшесінің бірқатар бөлігінің жабылуына байланысты өзге шағын көшелерде кептеліс туындап, апаттық жағдайлар орын алып жатқанын айтып, қала әкіміне аталған жайтты полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып шешуге септігін тигізуді сұрады.
📌Депутаттардың сауалдарын мұқият тыңдап шыққан Бақытжан Әмірбекұлы олардың әрқайсысына нақты жауабын беріп, ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді. Сонымен қатар депутаттарды шаһарды дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Тараз қаласы
10.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1604
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7639
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11518
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7680
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7837