Сириядан елге оралды

Сириядан елге оралды

Кешеден бері қырғыз басылымдары Сириядан елге жеткізілген қандастары жайлы ақпараттарды жазып жатыр. Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 ақпан күні «Айкөл-5» гуманитарлық миссиясы аясында Сирияның солтүстік-шығысындағы арнайы лагерьлерден Қырғызстанның 99 азаматы әкелінген. Олардың 28-і әйел, 71-і балалар. Дереккөздерде айтылуынша, бұл гуманитарлық миссия АҚШ үкіметінің қолдауымен жүзеге асқан. 

Қазақстан тарапы ұйымдастырған «Жусан» операциясынан кейін Орталық Азия елдері Сириядағы қақтығыс аймағында қалып қойған отандастарын елге жеткізу жұмыстарын қолға ала бастап еді. 2018 жылы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті таратқан мәліметте Сириядағы соғысқа «үлес қосу» үшін Қырғызстаннан 850 «жиһадшы» кеткен екен. 

Бұған дейін Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Ирак пен Сирияда түрмеде отырған 200 қырғыз әйелі мен 400 баланың тізімі анықталғанын айтқан. Соңғы рет 2023 жылы 8 желтоқсанда Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерьлерден Қырғызстанның 95 азаматы әкелінген.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
22.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1169
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7216
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11080
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7281
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7427