Солтүстік Корея өзін ядролық держава деп жариялады

Солтүстік Корея өзін ядролық держава деп жариялады

Орталық телеграф агенттігі: «Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл шешімді «қайтарымсыз» деп атады және ядролық қарусыздандыру бойынша кез келген келіссөздер мүмкіндігін жоққа шығарды. Қабылданған заңда елдің өз қорғанысы үшін алдын ала ядролық соққыны қолдану құқығы да бекітілгені атап өтілді»,– деп хабарлайды.  Басылымның жазуынша, Батыстың қатаң санкцияларына қарамастан, Пхеньян 2006-2017 жылдар аралығында алты ядролық сынақ өткізді. Бұған дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 1950-1953 жылдардағы Корей соғысындағы бітімгершілік келісімінің 69 жылдығына арналған іс-шарада сөйлеген сөзінде Оңтүстік Кореяны жойып жіберетінін айтып, сондай-ақ соғысқа дайын екенін мәлімдеген болатын. АҚШ-пен күресуге де дайын екенін жариялады. Солтүстік Корея өкілдері БҰҰ-ның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) арналған конференциясында ешкімнің Пхеньянды ядролық қаруға ие деп айыптауға құқығы жоғын, себебі бұл ел Шартқа қатысушы емес екенін айтқан болатын. 

 

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ДИМАШ "ƏНШІ ЕМЕС", ОҒАН АТАҚТЫҢ ДА    КЕРЕГІ  ЖОҚ!
Аймұханбет Бейсембеков - Шəкірім атындағы университетінің профессоры. 18.04.2019 Қарағайлы. - 17.05.2024 45
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 93
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 53
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 45
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 47

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1543
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7580
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11455
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7621
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7782